Шәкәрімге симфония арналды

Астанада көптен күткен тұсаукесер болды. Ұлттық өнер университетінің сахнасында қазақ тарихындағы тұңғыш отандық симфония орындалды.

Аталмыш музыкалық туынды қазақтың ұлы ойшыл ақыны Шәкәрім Құдай­бер­ді- ұ­лының өмірі мен шығармашылығына ар­налды. Симфонияның авторы – белгілі композитор, мәдениет қайраткері Серік Еркімбеков. Туынды екі бөлімнен құралған. Шәкәрімнің өмірбаяны арқау етілген бірінші бөлімде ақынның тағдыр тәлкегіне қалай ұшырағаны жайлы баяндалады. Ал келесі бөлімі ақынның ақиқатты іздеп, шы­ғыс елдеріне саяхат жасаған сәтін жырлай­ды. Симфонияда қазақтың қара домбыра­сының қолданылуы музыкалық кештің ең басты ерекшелігі, мәні мен сәні болды.
«Келешектің ойын ашайын деп жаздым. Өз заманым үшін жазғаным жоқ, келер дәуір адамы үшін жаздым», – деп Шәкәрім Құдайбердіұлының өзі айтқандай, әсіресе, жас ұрпақтың бойына ұлттық, мәдени сананы қалыптастыру үшін ұлы тұлғалары­мыздың есімін дәріптеп, еңбектерін наси­хаттау – бәрімізге міндет», – деді осы шараға қатысқан Шәкәрімнің ұрпағы Сиязбек Мұқа­шев өнерпаз жастарға деген ықыла­сын білдіре отырып.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста