Шәкәрім шәкірттері – Қорқыт ата елінде

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 2012 жылға белгіленген маңыз­ды шаралардың бір тармағы – алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен тығыз ғылы­ми-зерттеу, шығар­машылық байланыс орнату. Әуелі Қазақстандағы оқу орын­да­рымен байланысқа шығуды жөн санадық. Қаһарына мінген қыстың  қатал мінезі өзгеріп, күлімдеп көктем шырай білдірісімен жолға жиналдық. Бағытымыз – Қа­зақстанның  қазыналы өлкесі, құт қонған Қызылорда. Ондағы ірі оқу орны – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Сапарлас серіктер де білімді, парасатты азаматтар. Семейдегі Абай қорық-мұра­жайы­ның директоры, ғалым-филолог әрі біздің университет доценті  Жандос Әубә­кір, тарих кафедрасының меңгерушісі, доцент Рүстем Екібаев. Алдын ала жоспар жасалып, екі университет ректорлары бекітіп, заңдастырғаннан кейін дереу жолға жиналдық.
Қызылордалық әріптестеріміз қонақ­жай, ашық жандар екен. Бұрыннан білетін таныстардай еркін араласып, жұмысқа кірістік. Бізді қарсы алғаннан шығарып салғанша  жанымыздан табылған универ­си­тет проректоры, доцент Байқадамов Наурызбай мырза істің тетігін білетін ұйым­дастырушы, елгезек, сергек, жоғары мек­теп­тің жүйесін жетік меңгерген азамат болып шықты. Жанындағы серігі ректордың көмекшісі әрі университет жастарының лидері Жандос Базартай шапшаң қимыл­дайтын, әр нәрседен хабары мол жігіт екендігін танытты. Таяуда ғана Қызылорда қалалық мәжілісіне депутат болып сайла­ныпты.

Алдымен университет ғимараттары:  оқу корпустары, жатақханалары, спорт ке­шендерімен және музеймен таныстық. Оқу орнының материалдық базасы бүгінгі заман талаптарына сай екендігі көзге шалы­н­­ды. Әсіресе ерекше бөліп айтуды керексінетін жағдаят – Студенттер сарайы. Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің жөні басқа ғой, ал аймақ­тардан кездес­тірмеген жаңалығымыз. 600 орындық акт залы, бірнеше мәжіліс бөлме­сі, көркемө­нерпаздар дайындалатын орындар – қай оқу орнына болмасын, абы­рой әперетін құры­лым. Жастардың өзін-өзі басқаруы, шығар­машылық ізденістерінің ұшталуына барлық жағдайлар жасалған.
Әр өлкені ерекшелендіріп тұратын киелі орындар Қазақстанның түкпірінен кездеседі. Сыр өңіріне сапар шегіп, Қорқыт баба басына зиярат етпеу – үлкен олқылық. Уақыттың тығыздығына қарамастан, келер ұрпағына бақытты өмір, жарқын болашақ тілеген қазақ даласының ұлы ойшылына орнатылған ескерткішке ат басын тіредік. «Жауыққан жанды да сыйла, опасыздық жасама, басқаның намысын  таптама» де­лі­нетін Қорқыт баба өсиетіне берік  туған­дарымыздың айтқан аңыздарын көңілімізге түйдік. Баба қобызынан естілген саздан тазалықтың, шындықтың, өрліктің әуезді үнін бойымызға сіңірдік. Қорқыт атаға  қатысты аңыздар мен әңгімелерді, ғылыми зерттеулерді жинақтап, көздерінің қара­шы­ғындай сақтап келе жатқан ұрпағына ризалығымыз шексіз.
Келесі күндері де жемісті жұмыс жа­сауы­мызға мүмкіндік жасалды. Өткен  шақы­рылымдағы Мәжіліс депутаты, қайраткер азамат, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің ректоры, профессор Қылышбай Алдабер­генұлы Бисенов арнайы қабылдау ұйым­дас­тырды. Емен-жарқын кездесу барысын­да болашақтағы байланыс, ынтымақтастық әңгіме өзегіне айналды.
Облыс әкімдігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда филиалы және университет ұжымы бірлесіп өткізген «М.Әуезов шығармаларындағы азаттық идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция­сы көптің көңілінен шықты. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ғалымдарының пленарлық мәжілістегі баяндамаларын қызығушылықпен қабыл­дап, алғыстарын білдірді.
Жоспарланғандай, Ж.Әубәкір, Р.Екібаев үшеумізге үш дәрісхана бөліп қойыпты. Сонымен, белгіленген шараларға сәйкес  Абай, Шәкәрім, М.Әуезов  шығармашы­лы­ғы, Абайдың ақындық мектебі, өңір тарихы жөнінде дәрістер циклін оқыдық. Оқытушылар, магистранттар, студенттер ықылас қойып тыңдады. Пікір алмастық, ой түйдік. Бастысы, бұл тектес басқосулар­дың пайдалы, қажетті екендігіне көзіміз жетті.
Сапарды қорытындылауға мәжіліс залына жиналдық. Университет өмірі, қол жеткен табыстарымыз, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу, оқытушылар, магистранттар мен студенттердің ғылыми  конференцияларына қатынасу жағын да құнттадық. Қазіргі уақыт талабына сәйкес, түрлі тақырыптарға онлайн-конференция­лар өткізуді әдетке айналдыруды да тиянақтадық.
Соңғы жылдары біздің министрліктің айрықша мән беріп келе жатқан мәселесі – академиялық ұтқырлық. Әуелі маман­дық­тарды анықтап алып, бакалаврлар мен магистрлер алмасуды  жүйелі  жолға қою  мәселесін жүзеге асыруды бірлесіп ойластық. Жаңа оқу жылынан бастап, екі университет  оқу  жоспарларын сәйкестен­діріп, оқу  траекториясын белгілеп, кредит­тер саны мен емтихандар жүйесін бекітіп, кемінде бір академиялық мерзімге шәкірт­тер алмасу үрдісін жүзеге асыруға келіс­тік.
Түйіп айтқанда, іс-сапарымыз жемісті, табысты өтті. Қазақстандық оқу орындары­ның Болон  декларациясының  қағидат­та­рын іске асыруда біршама шараны жүзеге асырып жатқандығын аңғардық. Бұл – аз дүние емес. Ізденіс жалғасын табары анық.
Арап ЕСПЕНБЕТОВ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті гуманитарлық-заң факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста