"Şakarim" кітабы түрік тілінде сөйлейді

Қазақ ақындары мен жазушыларының шығармалары осыған дейін шетелде, оның ішінде бауырлас түрік халқының тіліне сан рет аударылып жарық көрген. Енді олардың қатарын халқымыздың ойшыл ақыны Шәкәрім туралы Ерлан Сыдықовтың еңбегі толықтырды. Түрік оқырмандарымен қауышқан «Şakarim» деп аталатын кітап танымдық-ғұмырбаяндық сипатта жазылып, оның жарық көруіне халықаралық Түркі академиясы айтарлықтар үлес қосып отыр.
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлының еңбегі түрік оқырмандарына Шәкірімді алғаш рет табыстырады. Еңбек негізінен Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген екен. Жалпы, көптеген ғалымдар Түріктің әйгілі ақыны Юнус Эмре мен Шәкәрім поэзиясында бірқатар сабақтастықтардың бар екенін айтады. Яғни, бұл кітап түрік оқырмандары үшін де маңызы жоғары рухани дүниелердің біріне айналары сөзсіз. Сосын кітапта автор Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмыры мен қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін жаңаша саралап, көптеген көмескі деректерді айқындай түскен. «Кітап қазақ тілінде жазылып, кейін Ләззат Орақованың тәржімалауымен аударылды. Анкара қаласындағы «Bengu» баспасында басылды», - дейді Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі. Жаңа кітапта Шәкәрім Құдайбердіұлының тұтас өмірі мен ұлт руханиятына сіңірген еңбегі сараланып, көмескі тарта бастаған көптеген деректер айқындалып жазылған.
Якуп ӨМЕРОҒЛЫ, Еуразия жазушылар одағының төрағасы:
–Түрік пен қазақ тек қана бауырлас емес, рухымен де үндес халықтар. Шәкәрім туралы кітаптың Түркиядан жарық көргеніне біз қуаныштымыз. Қазақ тарихы, мәдениетіне қызығушы автордың кітабына редактор ретінде көптеген жайтқа қанық болдым. Алдағы уақытта Түркияда осы кітаптың көптеп таралуына көңіл бөлетін боламыз. Шәкәрім ақынның өлеңдері ғана емес, оның өмірі мен өнері түрік халқы үшін қызық. Себебі, ақын арқылы қазақты тереңірек тануға болады.
Ал Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығының директоры Ибраһим Йылдырым ғалым еңбегін қазақ-түрік мәдени байланысының нығаюына өз септігін тигізеді деп санайды. «Шәкәрім мен түрік ақыны Юнус Эмрені заманы бөлек болғанымен, ұлтқа сіңірген еңбегі ұқсас», - дейді түрік жазушысы Якуп Өмероғлы.
Түйіндей айтсақ, Ерлан Сыдықовтың кітабына ақынның өміріне қатысты деректер қамтылғанымен, алдағы уақытта Шәкәрім өлеңдерін толығымен түрік тіліне аударып басу кезек күттірмейтін шаруа болып отырғанын аңғарамыз. Халықаралық түркі академиясы бұл бағытта ақынның шығармашылығына бей-жай қарамайтынын да танытып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста