Шаһизада өзегін өртеген өкінішін айтты
Бір ұлдан соң күйеуімен ажырасып кеткен Шаһизада өзегін өртеген өкінішімен бөлісті деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, ол көпбалалы ана атануды армандаған.
"Ұлым дүниеге келгенде жаста болдым. Оның үлкен азамат болатынына сенімді болдым. Өйткені ірі, 4 келі 300 грамм болып туды. Арманым көпбалалы ана болу еді. Өкінішке орай ұлымның әкесімен ажырасқаннан кейін, өнерге кеттім.
Тағы да ана болуға уақытым болмады ма... Жалғыз болғаннан кейін жүгіру керек қой. Тағы да бір бала туып алу ойымда болған жоқ қой. Жалғыз баламен қалған себебім сол шығар.
Мен екінші жұбайымнан бала көтерген болатынмын. Алладан күні-түні сұрап жүрген сәбиім, үш айында ішімде шетінеп кетті. Ал енді қазір келініме "Ешқандай тоқтама" деймін. Өйткені балам "жалғыз балаңызбын ғой" дегенді көп естідім. Қазір екі баласы бар түсінеді. Құдай беріп жатса, бірнеше бала туған дұрыс екен", - деп Шаһизада ағынан жарылды.