Сабыр Рақымовтан соң өзім деп жүрген өзек ағайын Рахымжан Қошқарбаевқа құда түсе бастады. Екінші дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа ту тіккен Қаһарман Қошқарбаев Қазақстандық өзбек деп жазады оңтүстік Қазақстан облыстық Жанубий Қозоғистон газеті. Өзбек тілінде жарық көретін мемлекеттік басылымның бұлай деуіне не себеп? Бұл сауалға әріптесім Арай Есенбек жауап іздеп көрді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы құрылтайшысы болып табылатын өзбек тілді Жанубий Қозоғистон газеті 14-наурыз күні шыққан 28 санында Давр Қаһромони еки мамлакат бойлиги деген мақала жарық көрген. Онда тайға таңба басқандай, Қазақстандық өзбек Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа байрағымызды тіккені тарихи қаһрамандық әлбетте деп жазылыпты. Бір қызығы басылымдағы әріптестер Қошқарбаевтың аты мен тегін де өзбек тліне аударып алған. Бұл қателік пе? Әлде күнгейдегі көршіден келген саясат па?
Үсен АСҚАРОВ «Рейтинг» ақпараттық-сараптамалық газетінің шолушысы:
-Мен мұнда қандай да бір саяси астарды көріп тұрған жоқпын. Енді бұл қателік болуы мүмкін.Исі қазақ біледі. Ол кісі қазақ ұлтының өкілі.Ол қазақ халқының ұлы бір тұлғасы. Үлкен біздің мақтанышымыз. Рейхстагқа алғашқы ту тіккен үлкен біздің батырымыз. Оны басқа теліп айтқаны біздіңше ол дұрыс емес.
Қателікті алғаш байқаған осы республикалық ақпараттық-сараптамалық Рейтинг газетінің тілшілер. Осы мәселеге жауап ретінде басылым, бас идеолог Айтаханов ай қарап жүрме деген мақала жазыпты. Айта кетейік, Ерлан Айтаханов облыс әкімінің осы салаға жауапты орынбасары. Сол себепті, Қошқарбаевты өзбектерге өткізген басылымның басшысы қазір жауапты мекемелерге түсінік беруде екен. Қателікті жіберген мақаланың авторы, Наргиза Мавлонова газеттің саясат бөлімінде істейді. Тілші бұл ақпарды совет-герман соғысының ардагері айтқан дейді ондағылар.
Ислам ӘБДІНӘБИЕВ «Жанубий Қозоғистан» газеті бас редакторының орынбасары:
-Мақұл ақсақал қателесуі мүмкін. Мақұл тілші қателесуі мүмкін. Бірақ жоғарыда корректор, бас редактор секілді қадағалаушылар бар ғой?Енді бұл мемлекеттік саяси газет иә? Біздің қателігіміз жөндеген, жөндемегенін қадаламағанбыз да дұрыс...
Десе де, басылымдағылар бұл ақпарды жоққа шығарар мақала жариялаймыз деп отыр. Алпамысты алғанымен Рақимовтан айрылған ағайын, Қошқарбаевтан да үмітті болғандай.