Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі, актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актер және режиссердің үшінші әйелін ана атануымен достары мен әріптестері инстаграм-парақшаларының сторисінде белгілеп, құттықтауда.
Сәбит Әбдіхалықовты әке атануымен құттықтау мақсатында өзіне хабарласып едік, телефоны сөндірулі екен.
Динара Абдуллина - Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театрының актрисасы. Сәбит Әбдіхалықовқа 2019 жылдың желтоқсан айында тұрмысқа шыққан болатын.