Руханият жоқшысы

Кеше Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінде көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының докторы Мұратбек Бөжеевтің туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. 
Зиялы отбасында тәрбиеленген М.Бө­жеев Семейдегі Қазақ педагогикалық тех­ни­кумын, Мәскеу педагогикалық институ­тын бітірген. Бұдан соң Мәскеудегі Тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған. 1934-1941 жж. ­Абай атындағы Қазақ педагогикалық инс­титуты мен Қазақ мемлекеттік универ­си­тетінде оқытушы, сонымен бірге КСРО ҒА қазақ филиалының кіші ғылыми қыз­мет­кері болып істеген. 1942 жылы жазық­сыз айыпталып, ұзақ жылдар сталиндік лагерь­де қамауда болған. 1956 жылы  толық ақ­та­­лып, қайтадан ғылыми жұмыспен айна­лысады. 1957-1962 жж. Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері болып еңбек етеді. Ол 1962 жылы М.Әуезовтің әдеби-мемо­риалдық музейін ұйымдастырушылардың бірі болып, аға ғылыми қызметкер ретінде ұлы жазушының 12 томдық шығармалар жина­ғын дайындап, ғылыми түсініктерін жазуға қатысады, ұлы жазушы-ғалымның библио­г­рафиялық көрсеткішін құрастыр­ған. 1974-1980 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының тексто­ло­гия және қолжазбалар бөлімінде аға ғылыми қыз­мет­кер болып еңбек етеді. «Абай Құнанбаев шығарма­лары­ның идея­лық-көркемдік ерекшелік­тері» деген тақы­рыпта кандидат­тық, «ХІХ ғасыр­дың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әде­бие­­ті дамуының идея­лық-көркемдік ерек­ше­ліктері» деген тақы­рыпта докторлық диссертациялар қорға­ған. Студент кезінен бастап Абайдың ақын­дық мектебі, ақын­дық стилі, оның Пуш­кин өлең­дерін қазақ тіліне аудару шеберлігі туралы зерттеп, Абай шығарма­ларының орыс тіліне аударылу ерекшелік­тері туралы ғылыми материалдар жазады. Мәшһүр Жүсіп Кө­пеев­тің шығарма­лар жинағын баспаға дайындап, ақын қолжаз­баларының ғылы­ми сипаттамасын жасай­ды, Бұқар жырау, Мұрат, Шортанбай, Шә­кә­рім, Мәш­һүр Жүсіп Көпеев, М.Қалтаев, Н.Нау­ша­баев туралы іргелі зерттеулер жазып қалдырады. Ұлы Отан соғысы басталар ал­дында Мұхтар Әуезовпен бірге Абайдың екі томдық шығармалар жинағын дайындауға қатыса­ды. Елге сіңірген еңбектері ескеріліп, «Құр­мет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
– Мұратбек Бөжеев бүкіл ғылыми қыз­метінде қазақ ақындары мен жазу­шы­лары­ның шығармаларын тексто­логиялық зерт­теу ісімен айналысты. Ол 1917 жылға де­йін­гі қазақ әдебиетінің тарихын жетік білген үлкен маман болды. Ғалым араб әрпімен жазылған қолжазбаларды қазіргі әріпке түсіруде үлкен жұмыстар жүргізіп, бұған дейін айтылмай келген ақындар есімін ашты, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығар­маларын баспаға жеке жинақ етіп дайын­дады. Ол өзінің іргелі ғылыми зерттеулері­мен қазақ әдебиеттану ғылымын байыт­ты.

Серікқазы ҚОРАБАЙ, М.Әуезов атында­ғы Әдебиет және өнер институты абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі:
–    Мұратбек Бөжеев Абай шығарма­шы­лығын зерттеушілердің бірі болды, ол өз ұстазы Мұхтар Әуезовпен бірге Абайдың 1940 жылы шыққан екі том­дық шығармалар жинағын дайындауға қатысты. Өз еңбектерінде Абай туын­ды­ларының идеялық-көркемдік ерек­шеліктерін, ұлы ақынның өлең құрылы­сы ерекшеліктерін зерттеді. Ол – Абайдың ақындық айналасы туралы іргелі ғылы­ми еңбек жазған білікті ғалым­дары­мыздың алдыңғы қатарын­дағы тұлға.
Қойнауы терең қазақ әдебиетін зерттеу ісіне үлкен үлес қосқан ғалымның мұрасын елге таныту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға белгілі әдебиеттанушы-ғалым­дар, жазушылар, ғалымның жерлестері мен туыстары қатысты. Шара барысында М.Бөжеев туралы арнайы түсірілген деректі фильмнің таныстырылымы өтіп, ғалымның еңбектерінен хабар беретін көрме ұйым­дастырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста