Роза Рымбаева халықаралық әуежайда ұсталып қалды

Роза Рымбаева халықаралық әуежайда ұсталып қалды

Қазақстанның эстрада әншісі, Роза Қуанышқызы өзгенің төлқұжатымен Әзірбайжанға ұшпақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесін Әзірбайжандық достары тойға шақырған екен. Алайда әнші жолдастарына берген уәдесінде тұра алмады. Роза Рымбаева Алматыдан Астанаға еш кедергісіз келген, алайда халықаралық әуежайда кеденшілерге ұсталып қалған.

 

“Шкафтың ішінде жатқан бір паспортты алып, сөмкеме салып, Астанаға ұшып кеттім. Астанада өнер көрсетіп, халықаралық әуежайына келіп Астана-Баку бағыты бойынша ұшпақ болдым. Тіркеу бөліміне келіп, төлқұжатымды берсем, өзіме қайтарып берді. Сөйтсем ұлым Мәдидің төлқұжатын алып кетіппін. Әуежайдағы қазақ бауырларымыз: “Апай, біз сізді жібереміз, бірақ Әзірбайжанға барғанда сізді мына төлқұжатпен өткізбейді” деді. Содан Алматыға қайттым”, – дейді өнер иесі басынан өткен жағдайды баяндап.

 

Роза Рымбаева тойға шақырған достарына алғысын білдіріп, уәдесінде тұра алмағаны үшін кешірім сұрады.

 

“Әзірбайжанға шақырған достарыма рахмет. Ренжіме, осындай түсініспеушілік болып қалды. Төлқұжатты ашып қарауым керек еді. Мен ашпай Мәдидің төлқұжатын алып кетіп қалыппын. Бұл жолы той менсіз өтті. Бірақ келесі тойымызға келесіз деді”, – дейді әнші.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста