Роза Рымбаева пәтері мен гардеробын көрсетті (фото, видео)
Әйгілі қазақстандық әнші Роза Рымбаева ресейлік "Сегодня вечером" бағдарламасында өзінің пәтерін көрсетті. Әнші сонымен қатар өнер жолын ұлдарының тәрбиесімен қалай ұштастыра білгенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бағдарламаның видеосы YouTube-та пайда болды.
Эфирде Рымбаеваның ауданы 160 шаршы метр болатын "шағын пәтерін" көрсетті.
Сондай-ақ әнші журналистерге үйдің ішкі көрінісін, гардеробы мен әшкей бұйымдарын көрсетіп қана қоймай, қазақша етті қалай әзірлейтінін де паш еткен.
"Мен алғашқы да әнші емес, анасына үй жұмыстарына көмектесіп, кір жуып, сиыр сауатын ауыл қызы болдым", - дейді Роза.
Әншінің кіші ұлы Мәдидің айтуынша, анасы үйде өнер адамы емес отанасы. Ол үйді жинастырып, ас әзірлеп, ұлдарын үнемі мол дастарханмен күтіп отырады.
Ал әншінің үлкен ұлы Әли Оқапов көрші подъезде тұрады екен.
59:12 минуттан бастап қараңыз.