Бірнеше күннен бері Димаш туралы түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та жатыр. Ең бірінші Халық әртісінің ұлы Әли Оқапов Димаш Құдайбергеновтың хит әні жоқ екенін айтып, басы бәлеге қалған еді. Кейін ол Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ ол Димашты ғажап дауысты әнші екенін мойындайтынын да айтқан болатын. Енді Роза Рымбаева ұлы туралы жағымсыз пікірлерге жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Время сайтының дерегін негізге алып.
Роза Рымбаеваның айтуынша, жағымсыз пікірлер айтылған кезде ақталып, кешірім сұраудың қажеті жоқ. Ол мұндай жайттан үндемей, жұрттың сөзіне мән бермеу керектігін айтты.
"Әркім өз ойын айтуға құқығы бар. Әли кәсіби маман ретінде пікір білдірді. Сондай-ақ ол Димашты жаман музыкант деп айтқан жоқ. Димаш ғажап дауыстың иесі. Бүкіл әлем Димаштың ұлы әнін күтуде", деді Роза Рымбаева.
Сондай-ақ КСРО-ның халық әртісі Лаки Кесоглу да даулы мәселеге қатысты да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Әли Оқаповты жамандап, даттай берудің қажеті жоқ.
"Шынымен де, Димаштың айтып жүрген халық әндерінен басқа өзінің хит әндері жоқ. Бірақ бұл Димаштың кінәсі емес. Бұған Димашқа ән шығара алмай жүрген қазақстандық компазиторлар кінәлі. Ал Әли болса өте талантты, сауатты әнші. Өз пікірін ашық айтқан адамды жерден алып, жерге салудың қажеті жоқ", - деді КСРО-ның халық әртісі.
КСРО-ның халық әртісі Әлиді даттағандардың көбісі Димаштың жанкүйерлері екенін айтты.
"Әрине Димаштың барлық жанкүйерлері Әлиді жек көріп кетті деп айта алмаймын. Бірақ Әлиді балағаттап, отбасы туралы жағымсыз пікірдің қажеті жоқ", - деп сөзін аяқтады Кесоглу.