Роза «Мен сыйға тартқан орамал...» дүкенін ашты

Роза «Мен сыйға тартқан орамал...» дүкенін ашты

Белгілі әнші, бес баланың анасы Роза Әлқожа өзінің жеке кәсібін бастап та жіберді. Халықтың сүйікті әншісі, ерке қызы Роза жақында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дүкен ашқаны туралы қуанышты хабар таратты. "Мен сыйға тартқан орамал" деп аталған дүкен туралы әншінің өзіне хабарласып білген едік. 


"Қазақтың қыз-келіншектеріне арнап әдемі, сапалы, өзіміздің дәстүріміз бен ділімізге сай киімдер мен орамалдар сататын дүкен ашу біраздан бері ойда жүрген еді. Енді міне, осы игі істі бастаудың сәті келді. Дүйім жұртқа өзімді сүйкімді еткен «Мен сыйға тартқан орамал» атты әннің атауын осы дүкенге беріп отырмыз. Өйткені дүкенде негізінен қыз-келіншектерге арналған орамалдар, аналарға арналған ақ жаулықтар, қазақы ою-өрнек бедерленген орамалдар сатылады. Сондай-ақ үлкен апа-әжелерімізге арналған той көйлектерін де біздің дүкенімізден таба аласыздар. Қазіргі заманда жасы үлкен апаларымыз тойға жастардың стилінде киініп барып жүргенін көріп жүрміз. Үлкен кісілер өзіміздің дәстүрімізге және қазіргі заманға сай әдемі көйлектер киіп, жаулығын салып жүргені қандай жарасымды болар еді. Жас қыздар мен келіншектерге арналған сәнді киімдер де бар. Біздің дүкендегі орамалдар, киім-кешектер арнайы стилистер мен дизайнерлердің қолдарынан шыққан".

Серік Жанболат, журналист: – Әр ұлттың өз әдет-ғұрпына, дәстүріне сай келетін ұлттық брендтерін айтып жатамыз ғой. Мысалы, жапондарда бәріміз білетін «сакура» деген шие ағашы бар. Мұндай шие ағашы басқа елдерде де, бізде де бар. Бірақ жапондықтар ғана осыдан ұлттық бренд жасап алды. Осыған қарап отырып ойлаймын, ұлттық болмысқа сай келетін дүниелерден ұлттық бренд жасау дегеніміз өте керемет. Сондықтан мен Роза мен Айдынның «Мен сыйға тартқан орамал» деп қазақша атаумен ұлттық нақыштағы орамалдар мен киім-кешек сататын дүкен ашқандарына риза болып отырмын. Кез келген үлкен іс кішкентай қарапайым дүниеден басталады. Біздің ұлтымыз үшін орамал өте қасиетті дүние. Кезінде соғысқа кеткен жауынгерлер сүйген жарларының кестелеп тіккен орамалын алып кеткен, жаңа түскен келінге де орамал саламыз, ал апа-әжелеріміз ешқашан бастарынан орамалын тастаған емес. Баяғыда 1980-жылдары Оралда қазақтар мен казактардың арасында қақтығыс болғанда қазақ қызының орамалын тастап бәрін тоқтатқаны бар емес пе? Міне, орамалдың қасиеті. Барлық елде орамал бар. Бірақ біз осы орамалға терең мағына бере алсақ, осыдан ұлттық бренд жасай аламыз. Роза «Мен сыйға тартқан орамал...» дүкенін дамытса, орамалымыздың әлемдік брендке айналатынына сенемін. Сондықтан өзі тамырлы, салт-дәстүрімізге негізделген Розаның кәсібінен үлкен үміт артамын.

"Мен сыйға тартқан орамал"дүкенінің ашылу салтаны 1-қазан күні. Сағат 15.00-де! Сəтпаев-Байзақов көшесі, "Almaty towers"ғимаратының 1-қабатында. «Мен сыйға тартқан орамал...» дүкенінің иесі Роза Әлқожаға сәттілік тілейміз.

«Мен сыйға тартқан орамал...» ұлт игілігіне жарасын!... alashainasy.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста