Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желісіндегі парақшасына шығармашылықтағы қиындықтары жайлы жазып,тыңдармандарына сырын ашты. Ақын қыз өзінің ауылдастары Қазақстанда еместігіне де көңілі түсіпті. Қысқаша айтқанда қолдауға зәру екенін жеткізген.
Ол барлық реніш өзіне “қолдау көрсетеміз” деп уәде еткен азаматтардың аяқ асты сөзінен тайқып кетуінен шыққанын айтқан
Роза Әлқожа, әнші: – Руластар мен жерлестердің қолдауы керегін концерт өткізерде сезінемін ғой!
Елге қарасаң - ағалары ақыл қосып, жеңгелері кеп қызмет істеп, ауылы ат мінгізіп, ағайыны той жасап жатады...
Бірақ мен руға жатпаймын. Сосын ауылым шекараның ар жағында...
Ешкімге өкпем жоқ. Өнер өзімдікі. Өзім үшін жұмыс жасаймын. Кемінде 3 миллионның шаруасына басым қатып отырған... Тек маған өкпелеп жатқандары күлкілі!
Өзі көктеп шыққанды да ұнатпайтындар бар екен.
Бір ағамыз "əн айтып шықпадым" деп келмеймін деді.
Қолдайды деген тағы бір кəсіпкер ағамыз бір əншісіне "əн бермедің " деп өкпесі қара қазандай!
Жаңадан шыққан жұлдыздар əн сұрап аяқ астынан!..
Ал əнімді орындаса деген əншілер жазып үлгермей қалды.
Бір кем дүние! Немесе ей, кем дүние!..
facebook.com парақшасынан алынды