Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметі туралы журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Ринат Зайытовтың айтуынша, жалақысы &ndash шамамен 200 мың теңге. Ал өзі директор болған өнер ордасының жылдық бюджеті  &ndash 17-18 миллион теңге.
«Ең бірінші еден жуушылармен сөйлестім. Олар ең көбі 56 мың теңге алады. Әнші, әртістің айлығы 100 мың теңгеден аспайды. Оның сыртында Алматы қаласының әкімдігінің тапсырмасы бар: «Ринат, ұлттық өнер ақсап барады. Мына жақты реттеу керек. Айқайлағанда адалмын дейсің ғой, істеп көр» деп ұсыныс айтты», &ndash дейді ақын.
Сондай-ақ ол сұхбатында әзірге қызметтік этика сақтап, сын айтпайтынын да тілге тиек етті.
aikyn.kz