"Ирина Кайратовна" тобының клиптеріне режиссерлік еткен Қуаныш Бейсеков пен актриса Ғазиза Тілеубай мешітте некесін қидырды. Бұл туралы режиссердің өзі әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Алланың қалауымен некемізді қидық", - деп жазды Қуаныш Бейсеков Instagram парақшасындағы stories бөлімінде актрисамен бірге түскен фотосын жариялап.
Қуаныш Бейсеков пен Ғазиза Тілеубай. Скриншот: instagram.com/kukabeisek
Сондай-ақ желіде жас жұбайлар неке қию рәсімінен кейін саябақта қыдырып жүрген сәтінен видео да жариялады.
Айта кетейік, режиссердің жұбайы - Ғазиза Тілеубай қалың көрерменге "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмдері арқылы таныс. "Алтын тақта" ол Бұрындық ханның әйелі Қызданайдың рөлін сомдайды.
Сондай-ақ актриса "Мағжан", "Сүйе білсең" сияқты бірқатар отандық фильмдер мен сериалдарға түскен. Бұдан бөлек, ол жеке кәсібімен айналысады.