Ресей жеріндегі ескерткіштерімізді кім қорғайды?

Ресей жеріндегі ескерткіштерімізді кім қорғайды?

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді халық даналығы. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне жер жүзінде орасан зор жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ендігі Жеңістің 75 жылдығында осы ардагерлерімізді таба аламыз ба? Олардан бізге не қалады?

Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы мектепте мұражайы ашылып, мектеп алдына ескерткіш орнатылған еді. Бүгінде Жеңістің 65 жылдығында әрі Батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Мәскеуде Бауыржан Момышұлы атында мектеп ашылып, алдына ескерткіш қойылады деген шешім бар. Бұл келісімшартқа Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Зауытбек Қауысбекұлы Мәскеу қаласы әкімінің бірінші орынбасары Людмила Швецовамен кездесуінде қол жеткізді. «Жобаға Мәскеу қаласының Крюково стансысындағы №229 орта мектеп ұсынылып отыр» деген хабар Мәскеудегі әр қазақтың жүрегіне қуаныш сыйлады.
Солай бола тұрса да, мәскеулік жұрт әдетінен жаңылмай, «Бауыржан кім?» деген сұрақты қойып та үлгерді.

2006 жылы Мәскеу қаласындағы Қазақстан елшілігі жанындағы Чистопрудный бульварына Абайға ескерткіш қойылар алдында мәскеуліктер радио, теледидар хабарларында осы мәселені талқылап, «Абай кім?» деп сұрақ қойған еді.

Талай ұлтшылдармен қатар, ЛДПР партиясының белсенді мүшесі Митрофанов теледидардағы тікелей эфирде: «Кто такой Абай? Мы его не знаем» дегенде, осы Мәскеудегі өзбек диаспорасының жетекшісі: «Когда в глуши Казахстана от мало до стар читает наизусть стихи Пушкина и хорошо знает кто он, а здесь за вас, великого русского народа, мне очень стыдно!» – деген арлы сөзі  күн тәртібінен бұл сұрақтың түсуіне себеп болған.

2005 жылы француз халқының әскери және қоғам қайраткері Шарль де Голльге ескерткіш басқа емес, «Космос» қонақүйі алдына орнатылып, әуелі 1990 жылы осы қонақүй алдындағы алаңға есімі берілгенде де бұлай сұрақ қойылып, талқыланған жоқ болатын.

Әлде біз ескерткіштердің есімі кім, елі қайда, халқына сіңірген еңбегі қандай, соны ел-жұртқа, ұрпаққа айтып жеткізе алмадық па? Әйтпесе Абай айтқандай, бұл: «Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып, Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып», – дегеннің күйі ме? Орыстар түгіл, Қазақстанда тұратын жастарымыздың біразы халқымыздың белгілі тұлғаларын, қаһармандарын біле бермейді. Бірде жұмыста отырғанымда Мәскеуде 9-сыныпта оқып жүрген оқушы бала келді. Ол Қазақстаннан көшіп келген екен. Алтыншы сыныпқа дейін Байқоңырда, жетінші, сегізінші сыныпты Шымкент қаласында оқыған екен. Қазақтармен араласатын орта іздеп келгенін айтты. Осында Ә.Молдағұлова атында мектеп барын айтып, сөз арасында «Ол кісі кім?» деп сұрадым. Бала бұл есімді естімегенін, мектептің оқу барысында ондай бағдарлама болмағанын айтты. Баланың сөзі жақсы, болашақта жол сақшысы оқуына түсіп, бар күшін қазақ халқының жетістігіне жұмсағысы келеді.

Тамырымызды білмесек, тамыр жая аламыз ба? Өкінішті!

Әуелі, 100 жылдығын тойлағалы отырған батырымыз Момышұлы жайлы кино түсіріп, еңбектерін зерттеп, жариялап, ұрпаққа жеткіздік пе? Осы тараптан «ол кім?» деген сұрақ негізді ме деп те ойлайсың.

Атамыз, әкеміз, анамыз соғысқа қатысқан біздер олардың тағдырын, соғысты, аштықты солар айтқан әңгімелер арқылы білдік. Ал кейінгілерге кім айтады екен?

Көптен бері Ресей ақпарат құралдары шетелдегі ескерткіштерді қорғау, әсіресе, шет жердегі Ұлы Отан соғысы құрбандары ескерткіштерінің бұзылуын, қорлануын тоқтату туралы мәселелерді көтеріп, күні-түні дабыл қағуда. Бұл тек Ресей мемлекетінің ғана емес, барлық мемлекеттердің, адам атаулының ар-намысын қозғайтын ортақ дабыл болып отырғаны сөзсіз.

Соғыстың 60 жылдығы қарсаңында Қазақстанның әр облысынан Мәскеуге келген топтармен Мәскеу төңірегіндегі соғыс болған жерлерді бірге аралап, «Тағзым тауында» орналасқан мұражайда болғанда, осы топ құрамындағы соғыс құрбандарының балалары, туыстары әке-ағаларының аты жазылған суық тасты құшақтап дауыс салып жылағанда, әкесін, бауырын көрмеген ұрпаққа мұндай ескерткіштердің қаншалықты қымбат екенін, бұл жерде шекараның, ұлттың жоқ екенін уақыттың өзі ұқтырып тұрғанына куә болып едік.

Сол кезде Мәскеу айналасындағы барлық қабірлердің өте жақсы күтімде, ескерткіштердің мемлекеттік қорғауда болғанына көз қуанып, көңіл жайланған-ды.

Солай бола тұрса да, уақыт өте не болады, заң да, басқа да күнде өзгеріп жатқан кезеңде ескерткіштердің тағдырын, аталарымыздың зираттарын кімнен сұраймыз деген сұрақ көкейімізде тұрды.

Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар Мәскеуде алғаш Кеңес өкіметі құрылған жылдары қызмет етіп, өлшеулі өмірін халқына арнаған талай қазақ азаматтарының мүрделері Мәскеу орталық зираттарында жатқандығын да естен шығармау керек. Ендігі уақытта ескерусіз, атаусыз қазақ азаматтарына құлпытас қою арнайы орындар, арнайы келіссөздермен ғана шешілетін іс болып отыр.

Атақты орыс ақыны С.Есенинмен қатар жатқан қазақ халқының аяулы азаматы Ғани Мұратбаевтың басына зиярат еткен «Жеңіс» тобындағы түркістандықтар ішіндегі бір жігіт Абай мен Есениннің өлеңдерін қазақша, орысша жатқа оқығанда зират басындағылар күннің суығына қарамай тік тұрып тыңдаған. Кезінде Ғани Мұратбаевтың басына ескерткіш құлпытасты Қызылорда қаласының әкімдігі, Қорқыт-Ата университетінің ұжымы қойған. Жылда Мәскеудегі «Мұрагер» қоғамының басшылары Ғ.Мұратбаевқа арнап құдайы тамақ беріп, құран оқытып отырады.

Санкт-Петербургтегі Жамбыл Жабаевтың, Мәскеу қаласындағы №891 мектеп алдындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың, Чистопрудный бульварындағы Абайдың, Волоколамск қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының т.б. қалалардағы ескерткіштер мемлекеттік қорғауға алынып, оларды қорғап, күту арнайы мекемеге тапсырылса деген тілек біздікі.

Сондай-ақ Мәскеуде ардақты ұлдарымыз тұрған, оқыған орындарға ескерткіш тақталарын орнату әрқайсымыз үшін азаматтық борыш, халықтық іс болары анық.

Әлі есімде, Абай атамызға ескерткіш орнатқан күннің ертеңіне балам маған: «Мама, сен енді күнде ол кісінің ескерткішін қарап қой, біреулер бүлдіріп қоймасын», – деп еді. Расында, бір ай өтті ме, өтпеді ме, ескерткішті жасыл сыр жағып, бүлдіріп кетті. Сонда мен басқа емес, өз баламның алдында өзімді кінәлі сезіндім.

Ұлы Отан соғысының құрбандары зираттарының бұзылуы, халық ардақтылары ескерткіштерінің бүлінуі, құлатылуы дер кезінде ескерткіштерді халықаралық қорғауға алмағандықтың кесірі ме деп ойлаймын.

Ұрпақтарымыз еліне, халқына өмірін, еңбегін арнағандардың есімін ұмытпағаны абзал, ол үшін бүгін осы жұмысты қолға алып заңдастыруды ел болып ойланайық, ағайын.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста