Реалити-шоу шошытып жүр

sott.net фото

Бүгінде еліміздегі дүкен сөрелерінде сүттің, айранның, ірімшік пен тәттінің түр-түрі самсып тұр, Мәселен,бір ғана сүттің қоюы керек пе, әлде сұйығы ма, қалбырдағысы ма, қораптағысы ма, не керек әйтеуір түр-түрі бар. Деректерге жүгінсек, біздің нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің 73,3 пайызы шетелден оның ішінде Ресейден әкелінеді екен. Қалалық тұрғындардың көбі табиғи сүттің дәмін әлдеқашан ұмытқан. Дәл осы сүт өнімдерін елге шеттен таситындығымыз секілді отандық телевизиядағы бағдарламар мен телесериалдарды, фильмдерді де шетелден аламыз. Яғни, ішкен-жегеніміз де, көргеніміз де өзге елдің өнімі. Кейінгі жылдары қазақ телевизиясында реалити-шоу, ток-шоу деген «шоулар дерті» пайда болды. Батыстан бастау алған реалити-шоуларды таңдап, талғап жатпай-ақ эфирден көрсетіп жүрміз. Ал осы «реалити-шоу көрерменге қалай әсер етеді» деген сұрақты ойланып көрдік пе?
Әлемдік психологтардың зерттеуінше реалити-шоулар телесериалдар секілді көрермендерде тәуелділік туғызады. Әсіресе, үйде отырған әйелдер, жасөспірімдердер, тіпті егде тартқан адамдардың арасында да реалити-шоуға деген қызығушылық басым болады екен. Өйткені күйбең тірліктен шаршаған, істерге ісі жоқ адамдар немесе әлі ақыл тоқтата қоймаған жастар өз өмірін былай қойып, біреудің өміріне араласқысы келіп тұрады. Ал көптеген реалити-шоулар осындай адамдар үшін таптырмайтын ермек.
Ақтоты СЫДЫҚБЕКОВА, көрермен: – Осыдан біраз уақыт бұрын «Ел арнадан» «Шіркін life» атты реалити-шоу жүріп жатқан кезде 15 жастағы қызым Жансая осы бағдарламаны жібермей көретін. Бір күні қызыммен бірге өзім де қарап көрейінші деп экран алдына отырған болатынмын. Сондағы байқағаным, реалити-шоудың көрерменге берер ешқандай мән-мағынасы жоқ, тек қатысушылар арасындағы айтыс-тартыс қана екен. Әрине, көрерменді қашанда жұлдыздардың өнерінен бөлек жеке өмірі, мінез-құлқы қызықтырады ғой. Дегенмен елдің алдында жүрген адамдардың экраннан қалай болса, солай сөйлеуі, кейбір әрекеттері ерсі көрінеді екен. «Шіркін life» бағдарламасын жүргізген Маржан Сұлтанбай сол шоуға қатысқан еркек біткеннің бәрімен қызылкеңірдек болып айтысып, соңында шашын тақырлап алғысып тастауы жасөспірім қыздарға қандай тәрбие. Кейіннен қарасам, сол Маржан қыз «Хабар» арнасында «Білгенге маржан...» атты бағдарламаны жүргізді. Осы бағдарламада ұзын етек көйлек киіп, басына орамал тағып, көрерменге қол өнерін үйретіп отыр. Мұнысы, әрине дұрыс, дегенмен, Маржан көпшіліктің есінде тақырбас, тықылдақ қыз болып қалды. Бірін-айтып біріне кетіп жатамыз ғой, жалпы менің айтайын дегенім, әсіресе жасөспірім балаларға реалити-шоуларды көрсетудің қажеті жоқ. Себебі реалити-шоулар ақыл-ойы енді жетіліп келе жатқан жас ұрпақтың психикасына кері әсер етеді. Егер телеарналар ұрпақ қамын ескермей не болса соны көрсете беретін болса, ең болмаса ата-аналар балаларымыздың экраннан не тамашалайтындарын қадағалайық дегім келеді.
Ақтоты секілді ата-аналардың жанайқайын түсінуге болады, өйткені мамандардың айтуынша, шынымен, қазіргі телеарналардағы реалити-шоулар көрерменді қызықтырғанымен, олардың олардың жандүниесіне кері әсер етеді екен.
Реалити-шоу қатігез адамдар қоғамын қалыптастырады
Айталық көшеде жол-көлік апаты болып, екі машина соғысып қалды. Жол апатында біреу жараланды, енді біреулер бір-бірін кінәлап қызылкеңірдек болып жатыр. Енді осы жағдайға кездейсоқ куә болып қалған адамдарды бірнеше топқа бөліп қарастырып көрейік: бірінші топтағы адамдар жол-көлік апаты болған жерге жедел барып, жараланғандарға көмек беріп, жедел-жәрдем шақырады; екінші топтағылар болып жатқан оқиғаны сырттан бақылап тұрады, телефонына видеоға түсіреді, адамдардың жанжалдасқанына қарап ләззат алады; үшінші топ айналасындағы болып жатқан оқиғаға өзінің еш қатысы болмаса, мән бермей жүре береді. Міне, осы үш топтың ішіндегі екінші топтың адамдары нағыз реалити-шоулардың көрермендері. Мұндай адамдар «қазақ айтпақшы» «біреудің қайғысына өлең айтып қарайды». Ал қазіргі біздің телевизия дәл осындай мейірімсіз, ашушаң, кез келген жағдайға немкетті қарайтын қоғам қалыптастырып жатыр. Осыдан біраз жылдар бұрын Еуропаға барып келген құрбыларым: «Шетелдерде көшеде келе жатып сүрініп құлап қалсаң, ешкім қолтығыңнан демеп тұрғызбайды, әуелі күліп қарайды, автобусқа қарт адам немесе аяғы ауыр келіншек кірсе, ешкім тұрып орын да бермейді» деген сөздерін естігенде таңғалатын едім. Қазір қарап отырсақ, біздің қоғамда да бір-біріне жаны ашымайтын, сезімсіз адамдар көбейіп кетті.
Реалити-шоулардың көрерменге кері әсерін АҚШ психологтары мынандай мысал арқылы келтіреді.
АҚШ-та пластикалық ота жасау туралы реалити-шоу көрсетілгеннен кейін онда бірден бет-бейнесін өзгерту үшін ота жасататындар саны өскен. Сонда пластикалық ота жасатқандар арасында жүргізілген сауалнамада белгілі болғанындай, олардың 78 пайызы пластикалық ота туралы реалити шоуды көргеннен кейін осындай шешімге келіпті. Хирургтардың айтуынша осы 78 пайыз ота жасатқандардың ішінде өте аз адамға ғана пластикалық ота қажет болған. Себебі олар апатқа ұшырап немесе түрлі жарақаттардан кейін бет-жүзінде, дене-бітімінде кемістік болғандықтан ғана ота жасауға мәжбүр болыпты. Ал қалғаны тек өздерінің табиғи бет-әлпеттерін, дене мүшелерін өзгерту үшін ота жасатқан. Кейбіреуі бөксесін, енді біреуі омырауын үлкейтеді, тағы біреулер майын сылып алғызса, біреулер ернін дүрдитіп алған. Міне, реалити-шоулар қыруар қаржыға жасалатын пластикалық отаның тегін жарнамасы деуге болады. Көріп отырғанымыздай, реалити-шоу шынайы өмірден алынған оқиға емес, керісінше, адамдарды шынайы өмірден алыстатып, бір-біріне деген қарым-қатынасына нұқсан келтіретін жоба.
Біздің елімізде қазақша реалити-шоуларды жасап жүрген мамандар: «егер біздің арналарда қазақша реалити-шоулар болмаса, көрермен бәрібір ресейлік басқа да шетелдік арналардан реалити-шоуларды көреді» деген уәж айтады. Сонда көрерменнің сұранысы айғай-шу, ұрыс-керіс шоулар екен телеарналарымыз әркімнің ығына жығыла беру керек пе? Шетелдік телеарналар бірінші орынға танымдық, интеллектуалдық, мәдени арналарына баса назар аударады. Ал реалити-шоулар көбінесе коммерциялық арналардың жобасы. Ал бізде республикалық арналарымыздың өзі у да шу бағдарламаларды көрерменге тықпалап отыр.
Қазіргі таңда отандық арналардың қайсысын қосып қалсаңыз, әйтеуір бір шоу. Реалити-шоулар негізінен арнаның рейтингісін көтеру үшін көрерменді экраннан алыстатпау үшін жасалады. Бірақ мұндай жобалар санасында сәуле бар адамдарды қызықтырудан гөрі жиіркентуі тиіс. Мысалы, «Фобия» атты реалити-шоуды көріп отырып оның несіне қызығуға болады? Сахнада әп-әдемі болып ән айтып жүрген әншілердің құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жыландардан қорқып шыңғырғанын, жиіркенгендерін көрудің несі қызық? Сондай-ақ шетелдік телеарналардан сүзгісіз көшіріліп жатқан дүниелер тілімізді шұбарлап, діліміз бен дінімізді аяқасты етіп, ұлттық санамызды улап жатқан жоқ па? Қазір бізге қазақ тілді реалити-шоудан гөрі шынайы ақпаратты дер кезінде жеткізетін, көрерменнің интелектісін жоғарылататын, мәдениетін қалыптастыратын бағдарламалар ауадай қажет болып тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста