Қызылорда қаласының қолөнершілері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне орай «20 жылға – 20 туынды» атты қолөнер туындыларының көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге Тәуелсіздікті әр қырынан бейнелеген түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Жергілікті 15 шебер түрлі бағыттағы ұлттық бұйым түрлерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, әрбір туындыдан жастардың жарқын болашаққа деген ұмтылысы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі сезіледі. Қазақтың қолөнерін артындағы ізбасарларына жалықпастан үйретіп жүрген жандардың бірі – Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылының тұрғыны Роза Әлибатырова. «Азаматтық Альянс» және «Игілік» қорының демеуімен тоғыз мектепте үйірме ашқан қолөнер шеберінің «алдағы уақытта соның аясын кеңейтіп, қазақтың киіз үйі жабдықтарын жасауды да қолға алсам» деген де ойы бар көрінеді.
Көрме нәтижесі бойынша, үздік өнер туындысы иелеріне бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.
Қызылордалықтар «20 жылға – 20 туынды» тарту етті
Последние статьи автора