Қызыл кілем қазаққа қайдан келді?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Атағы жер жарып, айдарынан жел есетін ардақты тұлғаларды көруге халық қашан да асық. Көшеде көрсе, адым аттатпай, қолтаңба сұрап, суретке түсіріп аларлық жұлдыз бізде, өкінішке қарай, аз. Ал шетелде әйгілі кино әртістері мен әншілер, фотомодельдер т.б үйлерінен қалыпты адамдар секілді шыға алмай, қара көзілдірік пен баскиімді көлегейлеп алатынын теледидардан көріп таңғаламыз. Міне, сондай күнделікті өмірде көлеңкеленіп әзер жүретін адамдардың асығатын, айқара ашылатын, барын көрсетуге талпынып бағатын бір мекені бар. Ол – қызыл кілем. Осы бір қырмызы төсеніштің не құдіреті барын, әйтеуір, сонымен көпшілікке қол бұлғай жүріп өту жұлдыз біткеннің арманы, даңқтың ең биік шыңы секілді.
Бұрын теледидардан тамашалайтын қы­зыл кілем бізге де келді. Келгені былай тұрсын, дарып кеткені соншалық, қазір қандай да бір театр, кинофестиваль бол­сын, мейлі ол халықаралық, мейлі жай ғана бес-алты өнер адамының басын қос­қан шағын байқау болсын, тіпті әлі жұлдыз болып та үлгермеген бейтаныс біреулерді та­ныс­­­тыратын тележобалардың өзіне қызыл кілемді қоса беретін болып алдық. Айта­лық, Асанәлі Әшімов сынды шын мойындалған майталмандар жүрген қалы кілемде енді бір жерде ешкім тіпті түстеп те танымайтын бейтаныс біреу ойқастап келе жатады. «Байдың асын байғұс қыз­ғаныпты» дейтін­дей, бұл – қызыл кілемді қызғану емес, жалпы, «біз сол сән-салтанаттың мәнісі мен ретін білеміз бе?» деген ой. Мысалы, хан тағы несімен қым­бат, тек ханның ғана ол орынға отыра­тындығымен, оның өзіне тән құзыры, өзіне тән артықшылығы, жауап­кершілігі болуы­мен қымбат. Егер оған кім көрінгеннің жамбасы тиіп, қаласа құл да отыра алатын болса, ешкім оны соншалық қастерлемес еді. Сол секілді әр нәрсенің өз орны, реті, оған жету қиындығы болмаса, қадірі де қалмайды емес пе? Дәл қазіргі қоғамда қызыл кілем де сондай қадірінен айырылып бара жатқандай. Жалпы, қызыл кілемге шығаруға лайық қазақ өнер айдынында кім бар? Бізге қажет салтанат па осы қызыл кілем?
Әшірбек Сығай, театр сыншысы:
– Қонақты жөнсіз шақыра бермеу керек, шақырған соң дұрыстап қарсы алу керек. Кілем жаямыз ба, жоқ алаша төсейміз бе, бірақ енді тақыр жерде қарсы алмайтынымыз ақиқат қой. Бірақ енді қазаққа тән үрдісте қарсы алу дегенді ойластыру керек сияқты. Қашанғы Еуропаның, ежелгі Римнің қызыл кілемін қашанғы жалаулата береміз? Бізде тек қонақтарды қарсы алудың формалық жағын қуу басым болып, мазмұны мен сапасын одан кейінге қалдырып жатқандаймыз. «Қалай болғанда да айта жүргенге жақ­сы болсын» дегенге саятындай бү­гінгі қызыл кілем жаюдағы бар ойымыз – былайша айтқанда, даңғаза қуу ғой. Ең бастысы, сол кілеммен жүргізгенге ол адамның қадір-қасиеті жеткілікті ме, ол адам әлпештеуге тұ­ра ма, әлде құр жалпақтай беру ме, осынымыз қалай дегенді ойлау керекпіз ғой. Қазақ деген қонақжай халық екенбіз деп жалпақтай беру, кейде, шыны керек, намысыма тие­ді. Бұл – бір.Екіншіден, біз сөйтіп жатыр­мыз, біздің өкілімізді өзгелер де солай қастерлеп жатыр ма, осы жағына да мән беруіміз керек қой. Қарымталы болса, онда дұрыс. Ал біржақты болса, біз жал­пақтап, олар кекірейсе, онда бізге ой­лану керек. Текке қызыл кілемнің қадірін кетіргеннің көкесі нағыз сонда болады...

«Қыз Жібек енді келгенше, келін боп үйге енгенше, даяр етіп қоялық, салдырып сарай өзгеше» деген әндегідей, болмаса «асығып-аптығып Алпамыс келгенде бә­рің де алдынан шығыңдар» деген Ерке­ғали Рахмадиевтің атақты «Алпамыс» опера­сындағы Мыстан тарантелласындай, жал­пы, біз – қонақ күтуде, қарсы алуда еш­қашан жерге қарап көрмеген, қорадағы соңғы тұяғын сойса да, қонағына дастархан жаймай жібермейтін халықпыз. Ол даусыз. Қанмен келіп, сүйекке біткен ол қасиетті ешкім бізден тартып ала алмайды. Алайда, екінші жағынан, өз қадір-қасиеті­мізді жоғалту да, абыройымызды аяқ асты ету де біз үшін өлімнен күшті емес пе? Сыншы Әшірбек ағамызды бекерге сөйлеткен жоқпыз, бір мезгіл өзімізге сын көзбен қарап, жаңылыс басқан, сүрініп бара жатқан қадамымызды тіктеп отыру шарт.
Қызылға құмартудың түбі қайда?
Бір сәт қызыл кілемнің қайдан шық­қанына үңіліп көрсек. Бұл үрдіс қайдан шықты, кім ойлап тапты? Алғаш қашан, қай елде қолданыс тапты? Неліктен өмірде ең құрығанда бір рет қызыл кілеммен жү­ріп өту даңқ пен мәртебе саналады? Қызыл түс негізі ренессанс немесе қайта өрлеу дәуірінде патшаларға ғана лайық түс болды, сондықтан таққа барар жолды тек осы қызыл түсті кілеммен көмкеру құр­мет, қошеметтің ең үлкен көрінісі са­нал­ды. Себебі осы түстің бір грамына қол жеткізу үшін сол заманда он мыңдаған теңіз ұлуларын өңдеу қажет болған. Ал оған екінің бірінің қолы жете бермегені айтпаса да түсінікті. Тек император мен оның сарайын­­­дағылардың қызыл түс киіп жүр­гені де – сол. Ал қызыл кілемге қа­тысты нақты дерекке келсек, қызыл кілемде сән-салтанаты асқақтап жүрген патшалар жайлы дерек б.д.д 458 жылы афиналық трагик Эсхилдің «Агамемнон» пьесасында ұшырасады екен. Аңызда оракул­дың болжамы бойынша Агамемнон өз мақ­сатына қол жеткізу үшін туған қызының қанын төгуі керек болады. Патша оған шімірікпестен барады. Онымен қоймай, ол қырғын соғыста күллі халқының қанын төгеді. Ал патша Троядағы сондай қырғын, қанды соғыста жүргенде, елде қалған әйе­лі Клитемнестра Эгистпен ашына бо­лып, оралған мезет патшаның өзін ажал құш­тырады. Аңыздың бір нұсқасында Клитем­нестра ондай іс­ке екеуінен туған қызды өлтірген патшадан кек алу үшін барған дейді. Қы­зыл түстің астарында, міне, осындай қанды оқиға жатқанын біл­сек, сол қызылға осынша құмартпаған болар едік. Ал біз бәрін АҚШ пен Еуропа арқылы үйреніп алып, солар жүрген соқ­пақтың барлығы түзу секілді көреміз.
Ал енді өз жағдайымызға келсек, қазақ­та бұрын құрмет пен қошеметтің ең салтанатты көрінісі хан сайлауы болғанын білеміз. Елім деген ең батыр, ең әділ, ең аяулы перзентін, ХІV ғасырда өмір сүрген әйгілі неміс жиһангезі Шильтбергер жаз­ған­дай, «Ақ киізге отырғызып, үш рет кө­тер­ген, содан кейін оны шатырды ай­налдыра алып жүріп, қолына алтын қылыш берген...». Бүгінде бұл үрдіс бізде Елбасын ұлықтау рәсімінде көрініс берсе, сонымен қатар ұзатылған қыздың жолына ақ төсейді. Бәлкім, ендігіде елімізге кел­ген құрметті деген қонақтарды солай қабыл­дап, өнер адамдарын да қызыл кілем емес, ақ төсенішпен жүргізсек қалай болады?

Қызыл-дерек
Алғаш қызыл кілемді 1821 жылы АҚШ Президенті Джеймс Монроның таба­нына төсесе керек. 1902 жылы дәл сондай құрметке ХХ ғасырдың ең бірінші фирмалық жүрдек пойызының жолаушылары көріпті. Нью-Йорктен Чикагоға қатынайтын 20th Century Limited деп аталатын дәл осы пойыз жолаушыларының табанының астына қып-қызыл қызғалдақтай құлпырған кілем төсеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста