Танымал актриса әрі әнші Салтанат Құдайберген өзіне эскорт болуды ұсынғандар туралы айтты. Ол мұндай рөлден анасының кеңесінен кейін бас тартқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы актриса Youtube-тегі "TALKLIKE" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Онда Салтанат Құдайберген арын сатып, ақша тауып жүрген қазақ қыздарының жеңіл жүрісіне қынжылыс білдірген.
"Эскорт — ол ар сату. Ақша үшін танымайтын адамға тәніңді таптату — өзіңнен аттау деген сөз. Эскорт демекші мені сондай сериалға түсуге шақырған. Қазақша түсіреміз, осы сізді қалап тұрмыз деп. Анаммен ақылдастым, келісім бермес бұрын кадрларын сұратып алдым. Сценарий, синопсистерін анама оқып бердім. Содан ол "қызым ойлан, ертең Салтанат Құдайберген деп әлеуметтік желіден сені іздегенде, эскорт деп шығып тұрғанын қалайсың ба?" — деді. Содан мен бірден ол жобадан бас тарттым", — деді Салтанат Құдайберген.
instagram.com/saltanatmusic
Сұхбат барысында актриса той-томалақтарда өзіне қырындап, төсекке сүйрегісі келетіндер көп екенін айтты. Ол ондай жағдайларда қулыққа салып, құтылып кетемін дейді.