Қырғызстанның танымал әншісі Нұрайым Ақылбекова өзіне ән арнаған жас әнші Біржан Байболды Алматыға арнайы іздеп келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
90-шы жылдардағы тойдың хиты болған атақты "Қара қыз" әнін жаңаша үлгіде орындап, бейнебаян түсірген Біржан Байбол қырғыз-қазаққа ортақ тағы бір туындыны жарыққа шығарды.
Біржан Байбол / instagram.com/baibol.birzhan
Бейнебаянға қырғыздың танымал әншісі Нұрайым Ақылбекова түскен. Ол клипте қазақстандық әншінің махаббатының рөлін сомдайды. Санаулы күннің ішінде жаңа туындыны 200 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.
Нұрайым Ақылбекова / instagram.com/akylnuru555 /
Бейнебаян Аслан Қамысбай атындағы "А-Элит Production" продюсерлік орталығында түсіріліпті. Бұл — Аслан Қамысбайдың өнерде жүрген көп жасқа қолдау білдіріп, бейнебаян түсіріп жатқан алғашқы жұмысы емес. Ол бұған дейін де өнер әлеміне енді аяқ басқан бірқатар әншінің бейнебаянын шетелде түсіруге қаржылай қолдау білдірген.
Сондай-ақ жоба авторлары "Қара қыз" әні жақын арада екі елдің той-қуаныштарында хитқа айналатынына сенімді. Ал желі қолданушылары жас әншінің бұл қадамына сәттілік тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.
Қазақ әншісі мен қырғыз қызының арасында махаббат болуы мүмкін бе? Әлде оларды тек өнер ғана байланыстырып тұр ма? Қос әншінің өзі бұл сұрақтарға әзірге жауап бермеді. Дегенмен "махаббат болуы мүмкін" деген нұсқа желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.