Қыдырәлі мен Қарақат концертте әннің сөзін ұмытып, ұятқа қалды!

Күні кеше жұлдызды жұп онлайн кеш беріп, жылы естеліктерімен "Карантиндегі жұлдыз" жобасында бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
Екі айға жуықтаған елдегі карантин, әншілер қауымын әбден әуре-сарсаңға салғаны рас. Әдетте сахнадан түспейтін өнер өкілдері, бүгінде тар бөлмеде, көрерменсіз кеш беріп жүр. Тіпті әртістік өмірден де алшақтай бастаған сыңайлы. Күні кеше қашықтан концерт қойған Қыдырәлі мен Қарақат, әннің сөзін ұмытып, ұятқа қалды. Мұндай форматта бұрын-соңды кеш беріп, дағдыланбаған жұлдызды дуэт, жатырқап жатқандарын айтып ақталды.

«Ардақты ағайын! Ешқайда шықпай, үйде отырғанымызға бір жарым айдай уақыт болған екен ғой. Шыны керек, бүгін үстімізге көйлек киіп, бетімізді әрлегенде де біртүрлі сезімде болдық. Адам деген тыныштыққа үйреніп қалады екен. Өзімізді әртіс сезініп отырған жайымыз бар. Осы сезімнің алшақтап кеткеніне біраз болған еді», – дейді Қарақат.

Бүгінде кестетігері мен төрт атұстарын тәрбиелеп отырған Болмановтар, бар уақытын балаларына арнап жүрген көрінеді. Карантинде қос өнер иесі әншілікті қойып, мұғалімдік істі де меңгеріп алған.

«Онлайн сабақ басталғалы, әсіресе аяулы ұстаздардың қадіріне жетіп жатырмыз. Құрметті ұстаздарға, ақ халатты абзал жандарға, құқық қорғау органдарына, біздің ұлттық армияға және де ел басында жүрген азаматтарға алғысымызды білдіргіміз келеді», – деді жұлдызды жұп.

Бұл кеште Қыдырәлі мырза өзі продюсерлік ететін «Ұлытау» тобына қатысты бар сырын ақтарды. Алғаш этно-рок стиліндегі музыкалық ұжымды құрар кезде жүрексінгенін де жасырмады.

«Бас кезінде ертең ақсақалдар термеге неге барабан қостың деп айта ма, одан соң «Ұлытау» тобын құрған кезде де «әй бала, не істеп жүрсің? деп құлағымды бұрап, жұлып ала ма, деп қорыққаным рас», – дейді Қыдырәлі.

Болмановтың бойындағы дәл осы қорқынышы Қырғызстанға барған концерттердің бірінде сейілген көрінеді. Кеш барысында ақсақалдан бата алған әнші, сол сәттен «Ұлытау» тобын әлемге танытуға бел буған. Аталмыш топқа өзі ұстаздық етсе, Қыдырәлінің де әртіс ретінде қалыптасуына ықпалын тигізген жандар аз болмапты.

«Роза Рымбаева концертіне мені көп ертіп жүретін. Ол кісіні өзіме үлкен ұстаз санаймын. Себебі сахнада сөйлеу мәнері, ән айту, сахна этикасы, эстетикасы деген дүниелердің бәрін үйрендім. Сол сияқты Мәдина Ералиева кезінде: «көресіңдер, кейін осы тентектен бірдеңе шығады» деп қанаттандырып отыратын», – дейді Болманов.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста