Қуыршақ театрында көрермен жоқ...

Алматы қаласындағы мемлекеттік қуыршақ театрының ғимараты күрделі жөндеуден өткелі бері сыртқы көрінісі көз тартады. Ғимараттың жанынан өткен сайын балаларым өссе, қуыршақ театрына апаруды жоспарлап жүретінмін. Өткен демалыста қызымды ертіп қуыршақ театрына барудың сәті түсіп, 3 жасар Айшамен «Үш торай» қойылымын тамашалап қайттық. Спектакль Айшаға қатты ұнады, ерекше әсер алып, күні бойы қойылымдағы Наф-наф, Нуф-нуф, Ниф-ниф деген торайлардың атын атаумен жүрді. Бірақ қойылымнан шыққан кезде Айша секілді қуанған бүлдіршіндер аз болды. Өйткені театрға барған көрерменнің өзі (ата-аналары мен балаларын қосқанда) залдағы алдыңғы екі қатардан аспайды. Неге? Міне, осы сұраққа «Алаш айнасының» оқырмандарымен бірге жауап іздеп көрген едік.
Біз, ата-аналар сенбі-жексенбі күндері балаларымызға теледидардан немесе интернеттен мульфильм қосып бере салып, үйдегі тірліктерімізді жасап алуға тырысамыз. Шыны керек, балаларымызға көңіл бөлуге де уақыт таппай жүреміз. Өзіміз балаларды теледидарға, қалтафондағы ойындарға үйір етіп аламыз да, уақыт өте келе жаңа технологиялардан оларды айыра алмай жүреміз. Онымен қоймай, қазіргі ұрпақ ұлттық тәрбиеден жұрдай, тіл байлықтары жоқ, ашушаң, мейірімсіз, эгоист деп балаларымызды айыптап жатамыз. Егер өзіміз кішкентайынан балаларымызға рухани тәрбие, үлгі, мәдениетті таныта алмасақ, санасына құя алмасақ, онда несіне өкпелейміз?... Жарайды, бұл қуыршақ театрындағы бос залды көргенде қынжылыстан туған ой ғой. Ал енді қуыршақ театрына келейік. Қазіргі таңда елімізде Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент қалаларында қуыршақ театрлары бар. Қазақстандағы ең алғаш қуыршақ театры Алматыда 1935 жылы құрылған. 80 жылға жуық тарихы бар қуыршақ театрындағы қазақ қойылымдарына көрермен бармайды деген біртүрлі, әрине, Бірақ, өкінішке орай бұл шындық. Өйткені, біріншіден, ата-аналар балаларды қуыршақ театрына апарудан гөрі қалалардағы ірі сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына, 3D, 6D форматындағы кинотеатрларға, саябақтарға, циркке апаруды жөн көреді. Екіншіден, қуыршақ театрының жарнамасы аз, тіпті мүлде жоқ деуге болады. Үшіншіден, қуыршақ театрларының репертуары әлі де болса жұтаңдау. Айталық, Алматыдағы қуыршақ театрында осы маусымда «Алтын балапан», «Бағдаршам», «Үш торай», «Сұғанақ ешкі», «Қызыл телпек», «Кішкентай құтан мен қарақшы» атты қойылымдар сахналануда. «Алтын балапан» мен «Бағдаршам» қойылымы театрдың директоры Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбектің режиссерлығымен қойылған. Осы репертуарға қарап-ақ қуыршақ театрында әлі де халық ертегілері мен заманға сай кейіпкерлердің жоқтығын байқауға болады.

Гүлбағыш БОСТАНОВА, журналист:
– Алдыңғы екі қатар толса да сең қозғалайын деген екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз де баламызды алып бардық. Орыс тіліндегі қойылымға орындық жетпей қосымша үш ұзын орындықтар кіргізіп жатыр екен. Ал қазақшасында әкесі, ұлым, мен және сондай бір отбасы, барлығы алты адам отырдық. Актерлердің еңбегіне қарап, алтаумыздың ғана шоқиып отырғанымызға қатты ұялдым. Алайда, екі балаға қатты ұнады.(facebook.com-дағы жазбадан )

Мөлдір АБЫЛҒАЗОВА, банк қызметкері:
– Шынын айтқанда, қазіргі балаларды теледеидар мен интернеттегі мультиктер мен ойындар қызықтырады. Өзім әлі балалы бола қоймасам да туыстарымның, жақындарымның балаларынан осыны байқаймын. Біз кішкене кезімізде театрға барып, көрсетілімді көрсек деп армандаушы едік... Ол кезде қазіргідей қаптаған шетелдік мультфильмдер аз болғандықтан да бізде театрға деген қызығушылық болды ма? Ал қазіргі кезде балаларының театрға деген қызығушылықтарын арттыру ата-аналарға да байланысты шығар мүмкін... (facebook.com-дағы жазбадан).

Қуыршақ театрындағы қойылымдардың репертуары, сапасы, көркемдігі бөлек әңгіме. Дегенмен, айта кету керек, қуыршақ театрының өзге театрлардан ерекшелігі оны әртүрлі жастағы көрермен тамашалай алады. Оның мазмұнын ұғыну оңай, тәлім-тәрбиелік мәні зор және мұнда әр кез еркіндік басым. Егер теардың репертуары бай болса, былтырғы көрермендер биыл да келеді, олар өздерінің таныстарын театрға тартады, театрдан жаңалық күтеді. Ал егер қуыршақ театрлары бір келген көрерменді екінші рет тағы келуге еліктіре алмаса, онда еш нәтиже шықпайды.
Оразәлі АҚЖАРҚЫН-СӘРСЕНБЕК, Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры:
– Статистикаға сүйенетін болсақ, былтыр қыркүйекте театр ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта ашылған соң біз 3 айда ғана өз репертуарымызды жаңа 4 спектакльмен толықтырдық. Мәселен, өткен өткен жылдың соңында театрдағы спектакльдердің қойылымдарынан 13 млн. теңге табыс таптым. Біздің ұжымдағы 100-ге жуық адамның алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті техникалық құрал-жабдықтарымыз да бар. Театрдың 3 жылға арналған стратегиялық жоспарында ең бірінші, реперуардың қалыптасуында қазақтың төл әдебиетінің шығармасы мен дүниежүзілік классикалық әдеби шығармалары 50/50 болу керек деп шештік. Екінші, оларды көрермендердің жас ерекшелігіне қарай 3 топқа (3, 6, 10-13) бөлдік. Үшінші, спектакльдерімізді шығармашылық және коммерциялық деп бөлеміз. Себебі ғаламдану бәрібір бізге де өз дегенін істеуде. Оның ішінде жүріп өзіміздің төл өнерімізді сақтап қалу үшін, шығармашылық пен коммерциялық қойылымдардың үлесі 50/50 болу керек. Барлық репертуар бізде осы 3 қағидамен іске асырылады.

Әрине, театр басшысының жоспары дұрыс та шығар, дегенмен театрға көрермен тарту үшін театрдың жарнамасына күш салып, мектептерде мұғалімдер, үйде ата-аналар балалардың осы қуыршақ театрларына деген қызығушылығын арттыруға үлес қосқанымыз жөн. Өйткені театрға деген махаббат қуыршақтан басталады. Ал театр адамзатқа рухани азық беретін құнды өнер.
Гүлназ ЛӘМБЕК, болашақ театртанушы маман:
– Жақсы қойылған қызықты қойылымдар балаларды ойлауға, қиялдауға үйрететіндігі даусыз. Осыған байланысты бүгінде қуыршақ театрларына режиссер, сценарист, суретші, сценографмамандар мен актерлер даярлау мәселесі туындап отыр. Әсіресе, қуыршақ жанрының режиссерлері тапшы. Бүгінгі таңда қуыршақ театрларына өзіндік бір жаңаша бет-бейне жетіспейді және өмірдің тынысын дәл басатын, өзекті қойылымдық бағдарламалар құру қабілеттері төмен сияқты. Сондықтан, қуыршақ театрына осы салаға шын жаны ашитын, театрға жаңалықтар енгізіп, оның болашағын өзгерте алатын мамандар келуі керек. Себебі, қуыршақ театрының мол мүмкіндіктері әлі де ашылған жоқ. Жыл сайын “Қаңбақ шал”, “Тарқамайды тойымыз”, “Атамекен”, “Үшторай”, “Сотқарбұзау” сияқты қойылымдарды қайталап көрсетуден театр ұжымы да, кішкентай көрермендер де жалығады. Сондай-ақ қуыршақтар балалардың назарын өзіне аудару үшін әдемі, қанық түстерге боялған болуы шарт. Театр арқылы бала өмірді таниды. Сахнадан кейіпкерлерді көру арқылы оларға сенеді, армандайды, жақсылыққа ұмтылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста