Құшан патшалығы кезіндегі жәдігерлерді көрмеге шығарды

Құшан патшалығы кезіндегі жәдігерлерді көрмеге шығарды

Бүгін Ұлттық музейде «Әдемі-ай» өнер музейінің «Зергерлік өнер» атты көрмесі ашылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмедегі ең көне жәдігерлердің бірі - Құшан патшылығы кезіндегі Канишка патшаның бейнесі бар тиындар екен.

«Әдемі-ай» өнер музейінде жалпы мыңнан аса коллекциясы бар. Ал бүгін Қазақ хандығының 550 жылдығына орай осы жәдігерлер арасынан Қазақ хандығы дәуірінен сыр шертетін бұйымдарды көрмеге шығардық. «Зергерлік өнер» атты бүгінгі көрме «зергерлік бұйымдар», «көшпенді қазақтың тұрмыстық бұйымдары» сияқты топтарға бөлініп отыр. Заттарымның көбі - зергерлік бұйымдар. Олардың арасында ұмыт болып бара жатқан құс тұмсық жүзіктер, топсалы білезіктер, асыл тастар қондырған бойтұмарлар, шашпаулар мен шолпылар, айсырға, қожалы сырға сияқты сырғаның 100-ден астам түрі, ер адамдардың белдіктері, өте жақсы күйінде сақталған ер тұрмандар, қамшылар, киіз үй жабдықтары бар»,-дейді «Әдемі-ай» өнер музейінің негізін қалаған өнертанушы Бахаргүл Төлеген.

Б.Төлеген атап өткендей, көрмедегі ең көне жәдігердің бірі - Құшан патшалығы кезіндегі Канишка патшаның бейнесі бар теңгелер.

«Көне жәдігерлердің арасынан б.з.б. 1-3 ғасырлардағы көне мемлекет - Құшан патшалығы кезіндегі Канишка патшаның бейнесі бар теңгелерді ерекше атауға болады. Сондай-ақ, 3-5 ғасырлардағы қарулар, 11-12 ғасырлардағы Отырар керамикалары да осы көрменің сәнін ашып, мазмұнын толықтыры тұр»,-дейді Б.Төлеген.

Айта кетейік, Құшан патшалығы - көне замандағы мемлекет. Өркендеп тұрған кезінде (б.з.б. 1 ғасырдың аяғы - 3 ғасырдың басы) қазіргі Орта Азияның едәуір бөлігін, Ауғанстанды, Батыс Пәкістанды, Солтүстік Үндістанды, Шығыс Түркістанды (қытай жаулап алғаннан кейін Смнь Цзянь аталған) түгел қамтылған. Римдік парфия, Хань мемлекетімен қатар көне замандағы 4 күшті империяның бірі болды. Көне дүниеде зор рөл атқарғандығына қарамастан, Кушан патшалығының тарихы жетклікті зерттелмеген. Құшан патшалығы саяси тарихы жайындағы деректер Қытай мен Рим авторларының жазбаларынан, Құшан жерінде шығарылған теңге ақшаларға жүргізілген талдаулардан, түрлі заттардың бетінде сақталған аздаған жазулардан қалыптасады. Құшан тарихынының дәл хронологияы әлі анықталмаған.

 

Автор: Кенжекей Тоқтамұратқызы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста