Құнды жәдігерлеріміздің қадіріне қашан жетеміз?

Абай Омаров (коллаж)

Мәдени құндылықтардың құнын білетін, оларды миллиондаған долларға бағалайтын бірқатар елдерде мұражайдағы жәдігерлер мемлекет тарапынан ерекше қамқорлыққа алынып, арнайы заңмен қорғалады. Посткеңестік елдердің арасында «Мәдени құндылықтарға қатысты Заң» Ресей Федерациясында қабылданып, бүгінде нақты қолданысқа енген. Сондай-ақ бұл елде осы мәселемен шұғылданатын Мәдениет және ақпарат министрлігінің ішінен құрылған арнайы департамент те бар көрінеді. Ал бізде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасынан өзге асыл құндылықтарымызды қайта тірілтетін, қорғауға алатын, қаншалықты құнды екенін зерделеуді үнемі қадағалайтын қауқарлы бір заң һәм талап жоқтың қасы.

Мәдени құндылық дегенде алдымен көз алдымызға «Алтын адам», «Тайқазан» секілді мұражай экспонаттары елестейді. Кейбіреулер үшін жәдігерлер аса бағалы болып көрінбеуі мүмкін. Өйткені біздің халықтың түсінігінде қымбат дүние тек ақшамен есептеледі. Ал шын мәнінде өз жерімізден табылған, тарихтағы жүріп өткен жолымызды айғақтайтын, елімізді шетелдерге танытатын заттық деректерде құн жоқ екенін әлі күнге көбіміз түсінбей келеміз. Мұражайда тұрған экспонаттар мұражай қызметкерлеріне ғана керектей, басқамызға қатысы жоқтай, міз бақпай жүре беретіндігімізден көптеген құндылықтарымыздың шекара асып жатқанын да байқамаймыз. Тек, әйтеуір, реті келгенде «бізде анау бар, мынау бар» деп мақтанғанға келгенде алдымызға жан салмаймыз.
Өзіндік бет-бейнесі, тарихы, рухани құндылықтары бар ел ретінде басқаларға танылуда мұражайдың атқаратын рөлі ерекше. Көп жағдайда мұражайдағы экспонаттарымызды шетелдердегі көрмелерге апарып, Қазақстан деген мемлекеттің, қазақ деген халықтың бар екенін жер әлемге паш етеміз. Әрине, барымызбен мақтанған жақсы-ақ, бірақ мұндайда сол шетелге апарған жәдігерлерімізге қауіп төнетіндігін де ескерген жөн. Жол-жөнекей жәдігерлер жол машақатынан қирап немесе зақымданып жатады. Одан да зорғысы, біреулерге қолды болады немесе өртеніп кетеді деген сияқты. Міне, біздің мәдени құндылықтарымыз осындай кездейсоқ, жайсыз жайлардан мүлдем сақтандырылмаған. Тіпті ел тәуелсіздігінің символы іспеттес «Алтын Адамның» өзін оқыс жағдайлардан сақтандыру қарастырылмапты және оның нақты құны да белгісіз. Себебі біздің елде мәдени байлықтардың құнын өлшейтін жүйе қалыптаспаған және мұны реттейтін заң да осалдау.
Мәдени мұраларды сақтандыру ісі бүгінде әлемдік сақтандыру нарығының ең бір қарқынды дамып келе жатқан құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда тарихи-мәдени ескерткіштер мен экспонттарды сақтандыру ісі табысы аса мол кәсіп болып саналмайды. Бұл жерде негізгі басымдықты болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық міндет деп ұққан жөн. Яғни, сақтандыру әлеуметтік жауапкершілікті бизнес дегенге саяды. Сондай-ақ оған халыққа рухани қызмет көрсетудің бір түрі деп қарау керек.

• Мамандар не дейді?

Альберт САФУЛЛИН, «Әзірет Сұлтан» тарихи қорық мұражайының директоры:
– Бұл мәселе, әсіресе, мәдени экспонаттарды шетелдерге көрмелерге апарғанда үлкен қолайсыздықтар туғызады. Мұндай кездері біздің мәдени қызметкерлеріміз экспонаттың дәл құнын анықтай алмай, сақтандыру істерін сол тараптың өкілдеріне жүктеуге мәжбүр. Ал төтенше жағдайлар бола қалса, (мысалы, ұрлық, өрт т.с.с.) сақтандыру өтемдерін өндіруде үлкен қиындықтар туындайды. Арт-бизнестің мұндай тәсілдері заманауи талаптарға сай келмейтінін екінің бірі біледі. Кез келген елде мәдени мұралардың мемлекеттік маңызы бар және бұл шаруамен отандық сақтандырушылар айналысуы керек.

Гүлмира МҰХТАРҚЫЗЫ, Алматы қаласындағы Орталық мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары:
– Дәл қазіргі кезде мұражайдағы жәдігерлер сақтандырылмай отыр. Мұның өзіндік себептері бар. Біріншіден, мемлекет тарапынан құндылықтарды сақтандыруға қаржы бөлінбейді. Екіншіден, жәдігерлердің нақты құнын анықтау өте қиын. Өйткені олар бухгалтерлік есеппен бағаланбайды, әр зат өзінше құнды. Ал жәдігерлерімізді шетелдерде өтетін көрмелерге апарған кезде міндетті түрде сақтандыру компанияларымен келісіп, шартты түрде бағасын белгілеп сақтандырамыз. Себебі шетелде біздің жәдігерлеріміз жоғалуы немесе біреулер оның көшірмесін жасап алуы мүмкін. Осындай түрлі жағдайлар кездесіп жатады ғой. Сондықтан мүлкімізді сақтандыру қажет. Шетелде ұйымдастырылатын көрмелерге мұражай мүлкі сақтандырусыз жіберілмейді де. Ал енді өзіміздің мұражай ішіндегі жәдігерлеріміз бен құндылықтарымызды сақтандырудың қажеттігін соңғы кездері Мәдениет министрлігінің, басқа да құзырлы орындардың назарына ұсынып, мәселе қозғап жүрміз.

Керек дерек
Дәл қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи ескерткіштер, монументтер мен архитектуралық керемет нысандар бар екені есептелген. Сондай-ақ 11 мың кітапхана, 14 мұражай, 7 тарихи-мәдени қорық-мұражайлар, 215 мұрағатта халқымыздың бүкіл рухани байлығы сақтаулы тұр десе де болады. Ал әлем бойынша жоғалған және бүлінген мәдени мұралар реестрінде келтірілген деректерге сүйенсек, дәл қазір дүниежүзі бойынша 100 мыңнан астам құндылық жоғалып, іздестіру жарияланған болса, жыл сайын 10 мыңы және жоғалатын көрінеді.

Түйін
Мамандардың сөзінен байқағанымыздай, мұржайдағы жәдігерлер аса қажеттілік туған жағдайда, шекарадан өткізерде сақтандыруды талап еткенде ғана амалсыздан сақтандырылады. Ал сонда мұражайдан ешқайда шығарылмаған күннің өзінде жәдігерлерге төнетін қауіп жоқ па? Әзірге біздің елімізде жәдігерлерді ұрлау немесе қирату оқиғасы тіркелмегеннен де, бәлкім, құндылықтарымызды сақтандыруды құнттамай жүрген болар. Жаратқанның өзі «сақтансаң, сақтаймын» демей ме? Ендеше сан соғып қалмай тұрғанда азды-көпті құндылықтарымызды қызғыштай қорып, келер ұрпаққа аманат етейік!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста