Қуғын көрген Рысқұл

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятындағы басты кейіпкердің бірі Бақтығұлдың шынайы өмірдегі прототипі – Рысқұл Жылқайдаров болатын. Ал Мұхаңның атақты «Қилы заман» романын жазуға түрткі болған негізгі дүние – Тұрар Рысқұловтың атақты «1916 жылғы көтеріліс» атты тарихи еңбегі. Мұхаңнан кейін осы тақырыпқа тереңнен үңілген, көзі тірі классик қаламгеріміз Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы – тұлғалы қайраткер Тұрар Рысқұлов туралы жазылған үлкен еңбек. Аталған шығармаларда Тұрар Рысқұлов пен әкесі Рысқұлға қатысты деректер жетерлік. Дегенмен 1905 жылы Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдаровтың Майлыкент болысына келуіне байланысты тағы да қосымша деректемелер табылуда. Төмендегі әңгімені кезінде Жорабек Рысқұлбекұлы атамыз айтқан екен. Ол кісі 1975 жылы 1 қаңтарда дүниеден өткен. Сол атамыздың әңгімесін бізге жеткізген Мәдібек Жолшыбекұлы ақсақал. Ал Рысқұл Жылқайдаровқа қатысты мәліметтер мен суреттерді берген Ақсу-Жабағылы қорығының директоры Айтбек Меңлібеков пен Ақсу-Жабағылы қорығының ғылыми қызметкері Рашид Әбдіраимов.
«Болыстық мансабы бар Рысқұлбек Сарыпбекұлы бауырын құшақ жая қарсы алды. Бұл жаз айы еді. Рысқұлбек болыс Талдыбұлақ ауылының етегінде орналасқан Көкқия деген жерде қо­ныстанған болатын. Қашқында жүріп, әбден азып-тозып, шаршаған Рысқұл мұнда Кертөбел атымен келген еді. Бұл жаққа келу себебі – біраз бұрын ол Саймасай болысты өлтіріп қойған болатын. Талдыбұлақта Рысқұл екі-үш күндей демін алады. Мұнда ол кісі күндіз сол маңдағы үңгірді паналайды да, түнде болыстың үйінде қонып жүреді. Ал мініп жүрген атын ну ағаштардың ішіне жасырады. Бір күні ол Талдыбұлақтан кетпекші болып атын ерттеп қойып, тамақ ішіп болып далаға шықса, жайылып жүрген аты жоқ болып шығады. «Жануар қайда кетті?» деп маңайды шолып тұрса, атты Рысқұлбек болыстың Мықтыбек деген жылқышысы мініп келе жатыр екен. Болыстың үйіне келген кісілердің атын мініп кету – жылқышының ежелгі әдеті болса керек. Сол дағдысымен Рысқұлдың да атын мініп, жылқысын қайтарып келе жатқан беті еді. Оны көргенде Рысқұл ашуланып, мені қай басынғандығы деп, оны аттан жұлып алып, жерге ұрады. «Менің рұқсатымсыз атымды мінгеніңді көрейін!» деп сабап жатқанда, Рысқұлбек болыстың әйелі Қырмызы көріп қалып: «қайнаға, бір ашуыңызды маған беріңіз, бұл мырзада әр кісінің атын мінуге әуестігі бар еді. Сол дағдысымен сіздің де атыңызды рұқсатсыз мінгені ғой» деп, сәлем жасап, Мықтыбекті Рысқұлдың соққысынан әрең ажыратып алады. Мұны мен өз көзіммен көргенмін. Ол кезде мен шамасы 6-7 жаста болатынмын».

                                                                                Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұл Жылқайдаров
***
«Бір күні Рысқұлбек болыс Талғар уезі басшылығынан тілдей хат алады. Хатта: «Майлыкент» болысы Рысқұлбекке. Егер сіз жаққа Жылқайдаров Рысқұл барса, бізге ұстап беруіңізді сұранамыз» деген екен. Болыстың хатқа жазған жауабында: «Егер де Рысқұл біз жаққа келе қалса, өз қолыммен ұстап бере алмаймын. Өйткені ол менің туысқаным» делінген. Содан кейін Рысқұл бір айдың көлеміндей болыс туысының қолында болады. Кейін бір түнде ол жерден кетіп қалады».
***
«Түрмеде отырған кезде әкесі Тұрарға: «Егер де қиыншылық көрсең, Майлыкент жақтағы туысқандарымызға бар. Сол жақта Рысқұлбек деген болыс бар. Қанша дегенмен, ол сенің туысқаның» деген екен. Күндердің күнінде Тұрар Рысқұлбек болысты іздеп келеді. Менің бауырымның баласы келді деп, Рысқұлбек болыс Тұрарды құшақ жая қарсы алды. Сонда үлкендер маған: «Ай, Жорабек, мынау Рысқұл атаңның баласы Тұрар ғой. Осының қасынан қалмай, ағаңның көңілін көтеріп жүр», – деді. Тұрардың менен үш жас үлкендігі бар еді. Екеуміз тез арада тіл табысып кеттік. Тұрар бірде менен «Ақсу-Жабағылының» қай жерде екенін сұрады. Мен бар білгенімді әңгімелеп бердім. Сонда Тұрар «менің атам бұл жерде қанша ай болды» деп сұрады. Мен Рысқұлбек атаның бір айдан астам уақыт күндіз үңгірді, түнде үйді паналағанын айттым. Содан екеуіміз әлгі үңгірге бардық. Бұлақтың суынан шамамен 150 қадам биіктік жерде орналасқан бұл үңгір Талдыбұлақтың кіре беріс жеріндегі сол жағында еді. Үңгірдің аузы құбыла жаққа қараған. Ұзындығы сегіз қадамдай, биіктігі атты адамның бойынан асады. Ені бес-алты қадамдай, алды жар. Қандай адам келе жатса да қарап отыра алатындай қолайлы жер еді. Үңгірді аралап болғаннан кейін мен Тұрарға сол маңда жатқан тастан қашалып жасалған үлкен тоғызқұмалақ тасын көрсеттім. Мұны көр­ген Тұрар қатты таң қал­ды. Бұл жерде бұрын екі үлкен тоғызқұмалақ тасы бар болатын. Бүгінде оның екіншісі ғана сақталып қалған. Шамасы, ұрлықшылар сал­мақты тасты орнынан қозғай алмаған болуы керек. Біз­дің аталарымыз осы тоғыз­құмалақты ойнаған. Содан Тұрар қызығушылық таныт­қан­нан кейін екеуіміз біраз әлгі тас тоғызқұмалақты ой­на­дық. Бірер күннен кейін атам үш жылқысын сатып, ақшасын Тұрарға беріп, Таш­кентке шығарып салды.


Кейін Кеңес өкіметі ор­на­ған соң 1925 жылы ме­ні болыстың баласы деп біреулер арыз жазып қуда­ла­ды. Осыдан соң мен өз ер­кіммен жұмыстан кет­тім. Енді қайда бара­мын деп достарым Сұлтан­бек Қожанов, Мәм­бет­алы Бағысбаев, Тұрар Рыс­құлов­тармен ақылдас­тым. Тұрардың ақылымен мен Уфаға кеттім».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста