Қуандық Рахыммен бірге ән айтып, елге танымал болған Альбина Шардарова тұрмысқа шығуға дайындалуда. Той қарсаңында фототүсірілім жасаған әнші ел алдына қалыңдық көйлегімен шығып, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жеке өмірі туралы көп айта бермейтін Альбина желідегі парақшасында той көйлегімен түскен суретін жариялап, елге қуанышты жаңалығын жеткізді.
"Ең әдемі жігіттің ең бақытты қалыңдығы" десем болатын шығар. Бір әулетті бақытты қылуға жайлап қадам басқалы жатқан жайым бар. Бірақ, соңғы суретке жазылған көпшіліктің пікіріндегідей "тоқал", немесе "біреудің отбасын бұзып алыпты", "біреудің көз жасына қалма" деген секілді теріс ойлардан аулақ болыңыздар. Олай емес. Біреудің отбасын бұзатындай мен тәрбие көрмеген қыздардың қатарынан емеспін.
Мен де қыз баламын, ондай нәрсенің болуына жол бермеймін және ата-анамның да қарсы болуы сөзсіз... Басты сұрақтарыңыздың біріне жауап алдыңыздар деп ойлаймын. Қалғанын сосын жаза берермін. Әзірше сіздермен әдемі суреттеріммен бөлісейін деп шештім", - деп жазды әнші.