Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына жол салынуда
Жуырда Өскеменде өткен баспасөз мәслихатында Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев жақын арада мәдениет және сәулет ескерткіші – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазарына қарай арнайы сапалы жол салынып жатқандығын мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, тас жол салынып, жолдың бір бөлігіне асфальт төселді. Жұмыс толығымен келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аягөз ауданы Таңсық стансысынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан қос ғашықтың мазары біздің заманымызға жеткен Қазақстандағы көне ескерткіштердің бірі болып табылады. Мазарға апаратын жаңа жолдың салынуы жергілікті халық пен шетелдік туристер үшін қолайлы болмақ.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу