Қоштасқым келмейді

М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары тағы аударма қойылыммен толықты. Театр қызметкерлері арасында «әкем театр» атанып кеткен еліміздің бас драма театрының осы айдағы репертуарына 23 қойылым енген екен. Оның тоғызы — аударма. Соның бірі 6 ақпаннан бастап жұртшылық назарына ұсынылып отырған Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» деп аталатын драмасы. Оны аударып, сахналаған қоюшы режиссер Асхат Маемиров те, қоюшы режиссердің ассистенті Азамат Сатыбалды мен қоюшы суретшісі Ерлан Тұяқов та ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері.

Орыс драмататургы А.Володиннің бұл пьесасына ажырасуға бел буған 8 отбасының әрқилы тағдыры арқау болған. Оның кейіпкерлері — жасы да, дүниетанымы да әрқилы, әртүрлі әлеуметтік топтың өкілдері. Бір-бірімізбен мінезіміз, көзқарасымыз, дүниетанымыз сәйкес келмеді деп заңды түрде ажырасу үшін сотқа келген олардың тағдырына судья араша түсуге тырысады. Олардың арасынан тек бір жұп ғана өз отбасыларын сақтап қалса, қалғандары бір-біріне деген сенімсіздік пен өзімшілдіктері арқылы шайқалған шаңырақтарын өз қолдарымен ойран етеді. Ортадағы бейкүнә балалардың тағдырына да өзін емес өзгені айыптаған олардың құлқынның құлына айналғаны сөйлеген сөздері мен жасаған іс-әрекеттерінен айқын аңғарылады. Өз рөлдерін театр артистері (Азамат Сатыбалды, Зарина Карменова, Мерей Мұхтарұлы, Жанель Мақажан, Ғазиза Әбдінәлиева, Еркебұлан Дайыров, Шынар Жанысбекова, Ғалымбек Оспанов, Жанаргүл Жанаманова, Жасұлан Байсалбков, Замира Сапар, Жалғас Толғанбай, Күнсұлу Шаяхметова, Бауыржан Манжгтов, Айзада Сатыбалдиева, Бекжан Тұрыс, Гүлшат Тұтова, Азат Сейтметов және т.б.) мүмкіндіктеріне қарай барынша жеткізуге тырысты. Оның қаншалықты сәтті, сәтсіз болғанын көрерменнің өз талқысына қалдырайық. Біздің айтпағымыз, көкейімізде еріксіз қылаң берген – қазақ театрындағы ұлттық қойылымдардың әлі де айтарлықтай толық басымдыққа ие бола алмай жүргені жөнінде болып отыр. Жалпы бірқатар театр ұжымдарының «классикадан» көз аша алмай жүргені театр қайраткерлері арасында сөз болып жүргеніне біршама уақыт өтті. Алайда одан әлі күнге нақты нәтиже байқалмайды. Театрлардың репертуарлық саясатына жауапты тұлғалар мен мекемелердің «Көш жүре түзеледі» деп арқаны кеңге салып жүргеніне міне, ширек ғасыр өтіпті.

Ерлік Ержанұлы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста