Қостанай жұрты Әуезовті онлайн арқылы тани түсті

ҚР Ұлттық кітапханасының «Әуезовті оқимыз!» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы мен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханаларының ұйымдастыруымен «Қазақты әлемге танытқан заңғар жазушы» тақырыбында әдеби бейнекөпір өткізілді.
Шараның мақсаты қостанайлық оқыр­мандарды жазушы М.Әуезовтің Семейдегі өмір­лік, шығармашылық жолымен, адам­гер­шілік тұлғасымен, қазақ әде­бие­тін­дегі рөлі жайында және кітапхана қо­рын­да сақталған жазушы кітаптарымен та­ныстыру болып табылды. Осынау онлайн кез­десуде аса құнды еңбектері үшін халық құр­метіне бө­ленген, қазақтың ардақты аза­маты, құ­ді­ретті талант иесі Әуезовтің ту­ған же­рін­дегі зиялы қауым өкілдерінің, кө­не­көз қа­рия­лардың жазушы туралы ше­жі­релі, ұла­ғатты сөздерін тыңдап, ға­­лым­­дардың ұс­таз туралы ғылыми не­гіз­дегі салиқалы ой­ларын қостанайлық оқыр­ман­дар аса ыж­дағатпен тыңдады.
Ең бірінші болып сөз бастаған қоста­най­­лық әріптесіміз Эльвира ақындармен та­­ныстырып, А.Байтұрсынов атындағы Қос­­танай мемлекеттік университетінің, Қос­­танай мемлекеттік педагогикалық ин­с­ти­­­туты ұжымының қатысуымен өтіп отыр­­ған шараның мақсатын айта келе, өз­де­рінің де ұлы жазушыны білетіндіктерін, де­генмен әдебиет пен өнердің киелі мекені – се­­мейліктердің өз аузынан естісек деген ті­ле­гін жеткізді. Осыдан кейін екі облыстың бі­­рі – тыңдаушы, бірі айтушы болып, әдеби бей­­не­көпір жалғасын тауып өз арнасына түс­­ті.
Абайдай айбынды ақыны, Шәкәрімдей шежірелі шежірешісі, Мұхтардай мұхиты бар Семей жерінің мәдениеттен де, әде­биеттен де, өнерден де құр қалған жері жоқ екені сөзсіз. Сонымен, ең бірінші бо­лып сөз алған, ұлылар мекенінің тумасы, ше­жірелі ақсақал Бекен Исабаев аға: «Ең бірінші бақыт туралы айтайын деп едім. Қа­зақ халқының өткен ғасырдағы өмірінде көптеген қиыншылық болды, белгілі себептермен өмірден қаншама қазақтың ардақты азаматтары жойылып отырылды, қазақтың бағына берген ұлы Абайдың ізін ала Мұхаңды берген бақытты халықпыз. Қазақтың тұрмыс-салтын, дәстүрін «Абай» романы арқылы көркем шеберлікпен бере білген жазушы – құдіретті талант иесі», – деп, өзінің 15 жасында жазушыны Абай­дың 100 жылдық мерейтойында көргенін те­бірене әңгімеледі. Өткен ғасырда өңі­ріміздің мәдениет саласындағы қалтқы­сыз маман қызметін атқарған, әуесқой саз­гер, зағип жан Бекен Балташұлының да Мұ­­хаң­мен екі рет болған кездесулері қос­танайлық онлайн тыңдаушыларын қы­зықтыра түсті. Жазушының салмақты, са­бырлы тұлғасын келістіре суреттеген екі Бекен ағалары­мыз­дың әңгімелерінен кейін сөз алған Қапура Мырзақасымова апай жазушының 60 жылдық мерей­то­йында ән салғанын, ағаның мақтағанын, бір­ге түскен суретін көрсетіп, толқи оты­рып сөзін әдемі жеткізді.
«Шәкәрім өлімі туралы М.Әуезов жаз­ды ма?» деген сұраққа сөз алған әдебиет зерт­теушісі Т.Ибрагимов: «Шәкәрім ту­ралы, оның жағдайы, өлімі туралы М.Әуе­зов ешқашан жазған емес, білсе де М.Әуе­зовтей данышпан айтуға тиіс емес, өйткені ақын «халық жауы» болатын» дегенді айт­ты. Ал бейнеқашықтықтағы тыңдаушылар жа­зу­шы М.Сәрсекеден Әуезов пен Қаныш жа­растығы туралы айтуын өтінді. М.Сәр­секе: «Мұхаң мен Қанекеңнің арасы – бір-ақ жас, екеуі де Семейдегі мұғалімдер се­ми­нариясында оқыды. Қалада «Татарлар сло­бодкасы» деген жерде пәтер жалдап, Мұ­хаң, Қанекең және Жекей – үшеуі бірге тұр­­­ды. Мен Жекей деген кім екен деп, із­дес­­тіріп едім, таба алмадым, бірақ осы Же­кей – Жүсіпбек Аймауытов қой дегенге тоқ­­тадым, өйткені жасын кішірейтіп, осы се­минарияда оқыды. Мұхтар ат қойғыш бо­латын, сонда Жекей деген жеке тұлға, же­ке дара деген сөз ғой деген қорытындыға келдім» – деп, өзінің нақты ойын жеткізді.
Қашықтан болған сұрақтың бірі жа­зушының Семейдегі кезеңдері туралы бол­ды. Бұл жайлы Шәкәрім атындағы СМУ-дің гуманитарлық факультетінің деканы, профессор, ғалым Арап Сләмұлы М.Әуе­зов­тің үлкен жазушы болып, қоғам қай­рат­кері болып қалыптасуына қасиетті Семей же­рінің ықпалы зор болғанын, 1907-1919 жыл­дар аралығындағы Семейдегі қоғам­дық қызметі жайлы және алғашқы про­за­ларын осы жерде жазғанын әңгімелеп берді.
Ал Абай атамыздың жиені Балтабек Ер­салимов қазіргі жазушы атындағы пед­кол­ледждің тарихында қаншама ұлылардың ізі қалғанын, соның ішінде Мұхаң, Қаныш, Әл­кей оқыған оқу орнында қызмет еткен Нә­зипа Құлжанованың қайраткерлік қыз­меті туралы ұлағатты сөздер айтты.
– М.Әуезовтің шығармашылық жолына көз жүгіртсе, қоғам өмірінің қай саласына бол­масын өз үлесін қосқанын байқауға бо­лады. Ол туралы Шәкәрім атындағы СМУ-дің ұстазы, ғалым Өмірзақ Сұлтановтың қа­зақ спорты тарихында ізі қалған жа­зу­шының асыл бейнесі туралы, 1913 жылы құрылған «Ярыш» командасында ойна­ға­нын, талай жүлделерге ие болғанын және өзінің «М.Әуезов және спорт өнері» деген кітапты қандай ізденістермен жазғанын тіл­ге тиек етті. Маған сол кісінің зерттеу ең­бегі қатты ұнады, – дейді Абай атындағы әм­бебап кітапхананың қызметкері Зағия Ма­ғауина.
Шара барысында М.Әуезовке қатысты Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы 1945-1960 жылдар аралығында қазақ әдебиетінің клас­сик ақыны Абай Құнанбаев туралы жа­зылған алғашқы шығармалары көрсе­тіліп шолу жасалды.
Ұлы жазушы туралы жарқын да нәрлі сыр-сұхбат ала алған қостанайлықтар ал­дағы уақытта тағы да осындай әдемі кез­десулер болса деген тілектерін жеткізе ке­ле, айтыскер ақын Әлфия Орманшинаның Се­мей туралы жыр шашуымен аяқталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста