Қадірлі Алаш оқырманы! Қазіргі уақытта қазақтың ақтангер айтыс ақыны Оразалы Досбосынов пен оның жары, белгілі әнші Ажар Түзелбекқызы туралы естеліктер кітабы дайындалып жатқанын хабарлаймыз.
Атақты Сүйінбай, Жамбыл, Құлманбет бастаған Жетісу өңірінің ақындық мектебінің төл перзенті Оразалы ақын айтыс өнерін өзіндік өресімен жаңаша биікке көтере білген айрықша талант еді. Ақынның жары Ажардың да артында елі сүйіп тыңдаған сазды әндері қалды.
Ұлт өнеріне қызмет еткен екі бірдей дарын иесі жайында естеліктер мен құнды деректеріңіз, фотосуреттеріңіз болса, мына телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз:
394-41-97; 8 701 237 85 53.
Құрметті ағайын, қазақ өнерінде аққан жұлдыздай жарқ етіп, талайдың көз қуанышына айналған ерлі-зайыпты қос таланттың артына қалдырған мұрасына атсалысыңыздар.
Қос талант туралы естелік кітабы дайындалуда
Последние статьи автора