Қоңыр сазды «Арнау»

Қаршадай бүлдіршіндерден құрылған «Арнау» фольклорлық ансамблі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Бабадан балаға мұра» атты тақырыппен концерт берді.
Қазақтың ұлттық саз аспаптарының құ­ла­ғында ой­найтын ойын балалары кім-кім­ді де қайран қал­ды­рады. 5-10 жас ара­лы­ғындағы балалардың қа­­зақ­тың ұлттық музыкасын дәріптеп жүргенін қазақ бо­луды арсынатын кейбір ересектердің өзіне үлгі тұ­тар­лық іс деп білеміз. Әлбетте, бұл ансам­бльдің көр­кем­дік жетекшісі Нұргүл Әкімғожинаның ерен еңбегінің ар­қасы.
 Кеш шымылдығы қазақтың ұлы ком­по­зиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Әл­қис­са­сымен» түрілді. Мұнда «Ар­наудың» ре­пер­туа­рында кеңінен орын алған Қа­йырғазы Тө­леновтің «Балау­са» күйі, халық күйі «Кер­без қыз», Дәулеткерейдің «Кө­рұғлы» күйі, Аб­дул­ха­мит Райымбергеновтің «Се­кірт­пе» күйі орын­дал­ды.
Халық әні «Илигайды» қобызбен тарт­­қан Әнел Жұмажанова, Ә.Жел­ді­баевтың «Ер­ке сылқымын» сахнаға алып шыққан Әди­на Сәрсенбаева, Ер­нар Еркін, Сүгірдің «Қа­ратау шерт­пе­­сін» шерткен Динара Ра­ма­данова, Ди­наның «Науысқы» күйін құй­қыл­жыт­қан Әнел Нұрлыбек, «Қара жор­ға­­ны» жорғалатқан Әдина Бар­лы­бае­ва, Бір­жан салдың «Көкегін» саз­сыр­наймен ой­­наған Салих Омаров және Сырым Ома­ров, Ақбота Ға­лым­бек, Үміт Би­са­ры, Инна Хам­хи­на, Кәмилә Жақсы­бе­ко­ва, Ардақ Әмір­­лан секілді бүл­дір­шін­дер кө­рер­мен көз­айымына ай­налды.

Нұргүл Әкімғожина, «Арнау» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі:
– Өнер жолы – ауыр жол. Сондықтан терең із­­де­­ністі, қажырлы еңбекті қажет етеді. Біздің мақ­­са­тымыз – қазақтың өне­рін өлтірмеу. Осы мақ­­сатпен ша­­ма­мыз жеткенше жан-жақты жұ­мыс іс­теп жа­тыр­мыз. «Ортеке» I рес­пу­бли­калық конкурсына қатысып, екін­ші орынды иемдендік. Бұл – біз үшін қуаныш, үл­кен жетістік. Бұған дейін «Астана-Мерей» халық­ара­лық байқауында, «Асыл мұра» қа­лалық және «Ғұ­мыр­да­рия» рес­пу­­б­ликалық бай­қау­ларында, по­ляк композиторы Алек­­сандр За­таевичтің атындағы II республикалық жас музыканттар байқауында бас жүл­дені ие­лен­­дік. Қазақстан ұлттық те­леар­на­сын­дағы «Таң та­маша» ай­да­рының жеңімпазы бол­дық. Болгар елін­­де өт­кен VI халықаралық «Күн ас­тын­дағы бей­­біт­­шілік» атты конкурста бі­рін­ші орын­дарды же­­ңіп ал­дық. «Ор­те­ке» байқауынан ке­­йін Қуыр­шақ­­тар өнері қа­уымдастығының бас ди­рек­торы Род Петрович бүкіләлемдік фес­ти­валь­ға ша­­қыр­ды. Фестиваль Чехия елінде өте­тін­­­діктен, жол қа­­ра­­жатын табу керек бол­ды. Ол байқауға осы­лай­ша қа­тыса ал­мадық. Де­ген­мен Түркияда өте­тін бүкіл­әлем­дік фольклорлық ан­сам­бль­дердің бай­­қа­уы­на жолдама алдық.
Ұлттық аспаптарымызбен қазақ мә­де­ниетін насихаттап жүрген бүл­дір­шін­дерге қолдау керек-ақ. Қобыз бен дом­бы­радан өзге, шіңкілдек, саз­сыр­най, же­тіген, шаңқобыз, дауылпаз, мүйіз, тұяқ және тағы басқа ұлттық аспаптар әр­б­ір қазақтың жүре­гі­нен ойып тұрып орын алар күнге жетсек қой, шір­кін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста