Қолөнерден қол үзбейік...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кеше Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы Қазақтың музыкалық саз аспаптар мұражайында Тәуелсіз­дігіміздің 20 жылдығына орай «Шебердің қолы ортақ» атты қолөнер көрмесі ашылды. «Жауһар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» мен «Адыр­на» ұлттық-этнография­лық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған көрме маусымның 23-іне дейін жалғаспақ.
Көрме Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрменің ашылуында домбыра аспабын жан-жақты зерттеп жүрген өнертанушы Жұмагелді Нәжімеденов баяндама жасады. Көрмеде, негізінен, ағаш, темір, тоқыма, қыштан жасалған бұйымдар кеңінен орын алды. 135-тен астам қолөнершінің 100-ге жуық қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды.
Арман ӘУБӘКІР, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің жетекшісі:
– Қазақтың ұлттық өнері күнделікті насихатталса да артық емес. Салт-дәстүрімізді насихаттауға ресми түрде арнайы ат қойылса, бір күні арнайы қолө­нер бұйымдарын дәріптеуге ар­нал­са деген ұсыныстар көрмеде айтыл­ды. Шетелдің көрмелеріне қо­йылған бұйымдары отандық қолөнершілердің үлкен қолдауға, марапат, ықылысқа ие де, ал өз елімізде оны іздеп көруге, алуға, тіпті бағалауға келгенде өгейлік танытып отырмыз. Мұның себебі – халыққа насихатының аздығы мен қолөнершілерге жеткілікті дәрежеде мән берілмейтіндігінде.
Мұхтар Наурызбаев, Жолаушы Тұрды­ғұлов, Серік­қазы Нұрғали, Дәулет Шоқ­паров, Майра Сыздық­қызы, Ерсұлтан Тәжібаев, Аман Мұқажанов, Серік­қали Көке­нов, Төлеген Сәр­сен­баев және тағы басқа танымал шеберлер өз бұ­йым­дарын жалпы халық­қа ұсынды. Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогика­лық универси­тетінің қолө­нер ка­фед­расының ұстаз­дары, Т.Жүр­генов атындағы Ұлттық өнер акаде­миясы­ның жанын­дағы колледждің сәнді қол­данбалы өнер мамандығының сту­дент­­тері, шеберлер ауылы ата­лып кеткен Көк­шоқы ауы­лы­ның шеберлері, қолө­нер­шілері ұлттық бұйым­дармен мұражайды жайна­тып жіберді. Дәркенбай Шоқпарұ­лының ұлы Дәулет те көрмеге қатыс­ты. Б.з.д V-III ғасырлардағы Татыр қор­ға­нынан табылған киізден жасалған тоқыма үлгі­лерінің көшірмелерін жасаған үш қыздан құралған «Ару-Арт» тоқыма тобы­ның да құнды дүниелері көрмеден табыл­ды.
Ал дәстүрлі ән өнерінің бүгінгі бет­кеұстарлары Жоламан Құжиманов, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Саят Нұр­ғазин, мұражай қызметкері Қарлығаш Қожахметова сынды өнерпаздар көрмені тамашалауға келген жандарды қазақтың інжу-маржандарымен тәнті етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста