"Қо*ақтелеком". "Қазақтелеком" бейәдеп әзілі үшін блогерді сотқа бермек

"Қо*ақтелеком". "Қазақтелеком" бейәдеп әзілі үшін блогерді сотқа бермек

Әлеуметтік желіде блогер Мұрат Нукин министр Бағдат Мусиннің Астанада интернет Токиодағыға қарағанда жылдамырақ деген ақпаратынан кейін видео түсірген. Оның сөзінше, енді "Қазақтелеком" компаниясы осы видео үшін блогермен соттаспақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өзінің атына "Қазақтелеком" компаниясынан хат келгенін айтады. Бірақ, блогердің сөзінше, интернет туралы видеосында бірде-бір рет "Қазақтелекомды" атамаған. Сондай-ақ, ол видеоны елдегі интернет Токиодағыдан да жылдамырақ деген жаңалықтан кейін түсіргенін жеткізді.

 

 

Блогердің айтуынша, видеода аталған компания ойдан шығарылған. Сонымен қатар, блогер заңгерлерден көмек сұраған.

 

"Қазақтелекомды" атамасам да, хатта заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргенім айтылады. Мүмкін, олардың субъективті пікірі бойынша өздерін "Қо*ақтелеком" деп санайды. Алайда бұл "Қазақтелекомға" ешқандай қатысы жоқ, ойдан шығарылған компания", - дейді блогер.

 

 

Блогер Instagram-парақшасында хаттың суретін де жариялаған.

 

 

Бұл мәселеге қатысты "Қазақтелеком" компаниясы өкілдеріне хабарластық.

 

"Қазақтелеком" АҚ компаниясы "mura_nukin" лақапаты бар блогерге талап-арызбен сот органдарына жүгінуге ниетті деген ақпаратқа қатысты 30 шілдеде TikTok, Youtube, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде аталған блогер "Қо*ақтелеком" компаниясына қоңырау шалу туралы скетч түсірген. Үнқатымда "Қазақтелеком" АҚ (үш бөліктен тұратын күрделі сөз) компаниясының 2/3 атауы қолданылған.

 

Сонымен қатар, компания атауындағы екпін соңғы буынға түскендіктен, нарықта және көпшілік көрермендер, әлеуметтік желі қолданушылары мен клиенттер оған баса назар аударады. Мазмұны тұрғысынан қорлық сөз болып саналатын жалған компанияның атауы "Қазақтелеком" АҚ-мен байланысты екендігі ішкі бейне сараптамамен және құқықтық бағамен расталды", - делінген компанияның ресми жауабында.

 

Алайда, компания мәліметінше, жолданған хатта сот ісі туралы сөз болмаған.

 

"Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, блогерге дөрекі және әдепсіз бейнебаянды жою ұсынылған шағым жолданды және хабарламада сот ісі туралы сөз болған жоқ", - делінген компания жауабында.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста