ҚМЭБИ-де әлем тілдері фестивалі өтті

Алматыдағы ҚМЭБИ-де «Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте» деген тақырыппен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан әлем тілдерінің фестивалі өтті. Алғашқы болып сөз сөйлеп, шараның шымылдығын түрген ҚМЭБИ-дің тілдер орталығының директоры Кеннет Сейсел шараны ұйымдастырушы топқа өз алғысын білдірді.
Институттың қазақ тілі пәнінің оқы­тушысы Нұр­айша Бекееваның айтуын­ша, шараның мақсаты – студенттердің тіл бі­лімін жетіл­діру ғана емес, түрлі мәде­ниеттердің өзара байланысын дамыту. Шарада Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситеті, Абылай хан атын­дағы Қазақ мем­лекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті, Қазақ мемлекеттік Қыздар педа­гогикалық университеті, Гете уни­верситеті, Сүлеймен Демирел универ­ситеті, Алматы қаласының тілдер депар­таменті, Түрік ел­шілігі, Армян мәдени ор­та­лығы тәрізді сан алуан мекеме өкілдері бас қосты. «Фес­тивальге барлығы жүзден астам адам қатысты. Біздің бастамамыз тілдер мен жал­пы мәдениет туралы түсінік көкжиегін кеңітуде», – дейді қазіргі заман тілдері бағдарламасының координаторы Айшам Сейітова. Бота Тоқанова мен Айбек Бапиев есімді сту­денттер салтанатты жиынды қа­зақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізді. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік, испан, қытай тілдерінде ән айтылып, өлең оқыл­ған шара тәлімгерлерді ерекше көңіл күйге бөледі. «Аманат» ұлт-аспаптар ан­сам­блі мен «Томирис» ұлттық би ансам­блі қазақ өнерін сахнаға алып шықса, білім оша­ғының Дэвид Лэндис, Стэнли Курьер және Лерой Террлон есімді оқытушылары қа­зақтың «Куә бол» атты әнін орындап, ел қошеметіне бөленді.
Гервин МААГ, Абылай хан атындағы әлем тілдері институтының оқытушысы:
– Бүгінде тіл үйренушілердің қатары артып келеді. Бұл – іскерлік шаруаны алға бастыруда үлкен мәнге ие. Тіл игерудің мәдени аспектілерін де ерекше атап өтуге тұрады. Тілдердің айырмашылықтары жазылу мен айтылуында ғана емес, олардың түрлі дүниетанымда болуында, әлемге әрқилы нүктеден қарайтындығында деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста