Қажырлы еңбек елеусіз қалмады

Аякөздік суретші Қалибек Айнажаров Мәскеуде өткен бүкіләлемдік көрмеге қатысып қайтты.

Диагнозын қате қойған дәрігерлердің кесірінен 21 жасында екі аяғынан жүре алмай,1-топ мүгедегі болып қалғанына қарамастан, қоғамнан өз орнын таба білген Қалибек қолына егеу мен кішкентай пышақ алып, ағаштан сурет оюды кәсіп етеді. 

Тынымсыз еңбек пен ізденістің арқасында шеберлігі шыңдалған суретшінің «Галгоф жолы», «Махаббат туралы дастан» сияқты туындылары өнер сыншылары тарапынан жоғары бағаланады.

Суретшінің туындыларымен интернет арқылы танысқан «Миротворец» Альянсы көрмеге қатысуға оны бұдан бұрын да екі рет шақырған екен. Қаржы тапшылығы салдарынан алдыңғы көрмелерге қатыса алмаған суретшінің үшінші мәрте алған шақыртуы Елбасының өткен жылдың соңындағы тікелей эфирімен тұспа-тұс келеді.

Ел Президентінің «Әр адам өзі жүрген, тұрған жерінде қолынан келген шаруасын істесін» деген сөзін бетке ұстаған Қалибек тікелей эфирге хат жолдап, Елбасынан көрмеге қатысуға қолдау көрсетуін сұрайды.

Бірақ ол хаты Елбасының жауап беріп үлгермеген сұрақтары санатында тиісті органдарға жолданады. Сөйтіп, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көмегімен Қалибек Айнажаровтың туындылары Мәскеудің төрінен көрінді.

Ресейдің Жаратылыстану ғылымы академиясының академигі, тарих ғылымының докторы Нэйля Бекмаханова суретші көрмесінен қатты әсер алғанын айта келіп: «Сюжеттен тұратын және ағаштан ойылған суретті өз басым бірінші рет көріп тұрмын.

Әр суретте терең мазмұн бар. Қазақтың салт-дәстүрі, әдебиеті сыр шертеді. Әр суреттен қазақ тарихын көруге болады», – деген пікірін білдірді. 

Мәскеуде 15 күн бойы өткен аталмыш көрмеге Үндістан, Грекия, АҚШ, Германия сияқты елдердің әйгілі қылқалам шеберлері қатысты. Қалибек Айнажаровты енді осы елдерде өтетін халықаралық көрмелер күтіп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста