«Қазығұрт» елге жол тартпақ

«Қазығұрт» елге жол тартпақ

Елдегі бірқатар аймақтарда жүз томдық, екі жүз томдық кітаптар шығарылып, мәдени-әдеби мұралар жинақталып, елдің назарына ұсынылып жатқаны әдебиет, мәдениет жаңалықтарынан хабары бар азаматтарға кеңінен мәлім. Мысал ретінде Қызылордадан шыққан «Сырдария» көптомдығын атауға болады.

Халқымыздың болашағы үшін тер төгіп жүрген белгілі ғалым, білімдар ұстаз, белгілі ғалым, профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлының «Қазығұрт» деген киелі атаумен көптомдық кітаптар шығару туралы бастамасына ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов қолдау көрсеткен болатын. 2009 жылы 18 қарашада облыс әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы мен рухани мұраларына арналған көптомдық кітаптар шығару туралы» №360 қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев басқаратын ұйымдастыру комитеті, Мекемтас Мырзахметұлы бастаған редакция алқасы құрылып, бүгінде жұмысқа кірісіп те кетті. Оңтүстік-шығыс, Теріскей-батыс, Оңтүстік-батыс ғылыми экспедицияларын ұйымдастыру қолға алынбақшы. Қазірдің өзінде бірқатар көне қолжазбалар, шағатай тілдеріндегі ежелгі кітаптар, аңыз ертегілер, дастандар, өлең-жырлар, айтыстар тағысын-тағылар жинақталуда.
Осы жылдың соңына дейін фольклорлық мұралардың өзінен 15-20 томдай кітап әзірлеп шығару жоспарланып отыр екен. Қолға түскен дүниелердің барлығы сапалы бола бермейтіндіктен, табылған деректер сарапталып, өңдеуден өткізіліп жатқан көрінеді.
Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы:
– Бұл үлкен мақсаттың ойдағыдай орындалуы үшiн баршамыз атсалысуға тиістіміз. Облысымыздың көзiқарақты жұртшылығы, ұлтымыздың мәдени-рухани, тарихи-әдеби мұраларына жаны ашитын әрбiр азамат «Қазығұрт» көптомдығына ықыласпен үлес қосады, жарыққа шықпай, «жасырынып» жатқан жауһарларды әкеліп тапсырады, маңызды мұралардың қайда, кiмдерде бар екендiгiн хабарлайды деген сенiмдемiз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста