... Осы сұрақты кез келген адамға қойсаңыз, біраз ойланып қалады. Біз өзімізше тәжірибе жасап, 100 адамға осы сұрақты қойып көрген едік. Сонда олардың 60 пайыздайы «Жау жүрек мың бала» фильмін атады. Ал 20 пайызы «Көшпенділер» десе, 10 пайызы Баянның бірнеше жобасын, қалғаны «Болашақ», «Сырғалым» секілді бірнеше қазақ телесериалдарын атады. Соңғы жылдары елімізде түсірілген отандық фильмдерді бір ақтарып шыққан «Алаш айнасының» тілшісі оқырмандармен бірге ең табысты деген қазақ киносының туындыларын түгендеп көрмек.
Таяуда nur.kz порталында белгілі киносыншы Олег Борецкий үздік деп тапқан фильмдердің тізімі жарияланған еді. Осы тізімге соңғы жылдары түсірілген А.Ержановтың «Қожайындар» фильмі, Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» картинасы, С Жолдастың «Қыз бен жігіті», Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Келін» фильмдері, Ақан Сатаевтың «Адастқандары», Г.Омарованың «Бақсы» фильмі, Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары» картинасы, Рүстем Әбдірәшовтың «Сталинге сыйлық» туындысы, С. Өтепбергеновтың «Мылқау салқындық» фильмдері еніпті.
Жоғарыда аталған фильмдер несімен үздік десеңіз, бұлардың барлығы халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған, халықаралық сыйлықтарға ие болған. Киносыншы аталған фильмдердің ішінде Ермек Тұрсыновтың «Шал» картинасын ұлттық кино деуге лайық десе, С.Жолдастың «Қыз бен жігіт» фильмін дебют үшін жаман емес дейді. Сондай-ақ сыншының ойынша А.Ержановтың «Қожайындар» фильмі ырғағы, сипаты, эстетикасы жағынан қазақтардың шынай тіршілігін сипаттайиын – нағыз қазақ киносы. Ал Эмир Байғазиннің «Асланның сабақтары» фильмі көркемдік жағынан тартымды. Өзі үздік деп тапқан әр фильмге жеке тоқталған киносыншының ойымен келісуге де, келіспеуге де болады. Жоғарыда аталған фильмдер туралы сіз не ойласыз құрметті оқырман?
Оқырмандар ойланам дегенше, біз өзімізше соңғы жылдары ең көп табыс түсірген қазақ фильмдерінің тізімін жасап көрдік. Өйткені қазіргі таңда киноидустрияда фильмнің деңгейі оның түсірген пайдасымен есептеледі емес пе? Ендеше кеттік...
Бұл картина біршама сынға ұшыраса да, қазақ кино тарихында өзіндік орны бар картина ретінде қалды.
6. Қайрат Нұртас тек эстрадада ғана емес, кино саласында да жақсы табыс таба алатынын дәлелдеген болатын. Әншінің өмірі туралы «Өкініш» фильмі отандық прокатта 100 миллион теңгеге жуық табыс түсірді. Фильмнің режиссері – Мақсат Оспанов кассалық түсім жөнінен бесінші режиссер. Бес апта бойы көрсетілген оның картинасы 94 миллионнан астам пайда түсірді.
Құрметті оқырман, Сіз қандай фильмдерді табысты деп есептейсіз? «Қазақ киносы» дегенде сіздің есіңізге қай фильм түседі? Тізімді толықтыруға атсалысыңыз, пікір қосыңыз!!!