Қазақы әуезіміз өзгерді ме?

Жер бетіндегі барлық адамның дыбыстау мүшелерінің қызметі мен құрылымы бір бола тұра әр халықтың өзі ойлап тапқан дыбыстар негізінде қалыптасқан үн, әуездері әр түрлі болып келеді. Бірақ, сол әртүрлі әуездер де тілдік құбылыс болғандықтан, әр ұлттың қалыптасу, даму, құлдырау сияқты түрліше тарихи кезеңдеріне сай құбылып өзгеріп отырады. Сол сияқты жаңару мен жаһандануға түскен қазақтың өзі сияқты оның артикуляциясы, жан сарайының акустикасы да өзгеріске түсті. Жіңішке, құлаққа шың етіп естілетін дыбыстарымыз жуанданып, жұмсақтанып шығатын болды да, халықтық әуезіміз өзінің ұяңдылығын, үнділігін бір тұтас жуан тонға ауыстырды.
Көне түріктік әуезіміз сан тарауды басынан кешіре келіп, нағыз ұлттық мақамын тапқан кезі сал-серілер мен жыраулар дәуірі болса керек. Өйткені солардан жеткен әндер мен терме-жырлардай өз дәуірінің үн-әуезін жеткізген көнелік дүниені таппаймыз. Солай да біз оларды өзімізге дейінгі нағыз далалық, қазақтық мақамымыздың бірден бір көрінісі, киелі бастауы деп білдік. Енді бір жағынан, олардың ән-жырларын орындаушысы ендігі жерде өздері болмай, ол міндет кейінгі шәкірттері мен халыққа өткен, қазақ халқы әлі де болса жартылай көшпелі болып тұрған кезеңде қазақ тілі грамматикасына арналған алғашқы ізденістер жасала бастағанын ескересек, біздің қазіргі оқып жүрген фонетикамыздың әр-алуан табиғаты көбіне сол дәуірге тән екенін білеміз. Ендеше біздің кез-келген салыстыруларымызда не арыға бармай, не беріге келмей дәл сол кезеңді халықтық интонациямызға өлшем етіп алатынмыз содан.
Яғни, 19-ғасырдағы дала қазақтары мен 20-ғасырдағы қалаласқан, мәдениеттескен қазақтың әуезі екі түрлі. Әсіресе өнерде Біржанның жіңішке, ашық, Ақанның жұмсақ, қоңыр үнін еуропа мәдениетінен келген қатқыл, гүрілдек опералық дауыс келіп басты. Біржандар далалық әуез үшін батар күннің соңғы шапағы еді де, Жүсіпбек Елебековтер таудың ұшар басына қонақтап қалған сол шапақтың күңгірт тартқан соңғы сәулесі еді.
Бұлармен бір мезгілде ұлттың көркем дауысының жиынтығы дубляж өнерінде де осы тектес орыс дубляжына еліктеулер мен ізденістер жасалынды. Қазақтық төл әуез тіл даму тарихының әділ де қатал заңдылықтары сүзгісінен өте алмады. Қазір бізге тым жіңішке, әйел дауысындай құлақтан өте шығатын әуезді ауыл қазақтары өздеріне бірталайға дейін серік етті. Ондай үн қала қазақтарының да біраз бөлігінде қанға сіңген баба даусындай боп мықтап сақталып қалды. Әуезов, Мұстафа Шоқай, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жүсіпбек Елебековтердің жазып алынған дауыстарын қарасаңыз дәл сондай ескі, тұнық үнді табасыз.
Осы сияқты 21-ғасыр басындағы қазақтардың халықтық интонациясы да өзгермей қалмады. Бұған салыстырмалы мысал іздегенде тағы да ұлт дауысының көркемделген бейнесі дубляж өнеріне кеп тірелеміз. 20-ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, тереңнен тартылған қазақ мақамының бай бояуын сақтауға тырыса отырып, уақыт талабына сай орыс дубляжынан үлгі алып жаңаруға түскен, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молдабеков, Әмина Өмірзақова, Мұхтар Бақтыгереев, Зәмзәгүл Шәріповалар жасаған қымбатты үндер арада 30-40 жыл өткенде жұрты қалып, өзі бел асып көшіп кеткен бай ауылының салқар көшіндей боп көрінбей кетті.
Қазіргі қазақ дублияжы олардыкі емес, жаңарған, жасарған ұрпақтыкі. Қазіргі қазақ дублияжы жаңарған халықтың жас дауысы. Кезінде елді аузына қаратқан әншінің қартайғандағы сүйкімсіз дауысы емес, өзгеріп туған жастың батыл, әлі пісіп жетілмеген еркін дауысы. Өткенге бұрылуға, қайталауға қақы жоқ. Бұны бір дубляжға емес, сөздің сұлу үнін жеткізуші қазіргі күннің әнші-жыршыларына да қаратуға болады. Дәл осы сияқты жаңарған тұрмысымен болмысы да жаңарған қазіргі уақыттың жастарының әдеби тілін өткен уақыттың қалыбымен өлшеуге болмайды. Тұрмысы мен қиялы жаңарған халықпен бірге тілі де жаңа сапаға өтеді. Бұл жағынан қазақ жалғыз келе жатқан жоқ. Қазіргі француз Гюгоша ойлап, Гюгоша қалам тербемейді. Қазіргі қытай жасы 17-ғасырда жазылған классикалық романның тілін жете түсінбейді. Қазіргі орсы жастарының сөйлеу мақамы 70-жылдардағыдан мүлде бөлек.
Дегенмен, бір ұлттың тілдік даму тарихы үшін бұл өзгерістер тым жедел жүрді әрі айырмашылықтары да ересен болды. Алдыңғысында қалыптасқан заңдылықтар негізінде тіл дамуының барлық табиғи заңдылықтарын сақтай отырып жүрсе, қазіргімізде халықтың жаппай тілдік сауатсыздауынан туған толып жатқан қайшылықтардың орасан зардабы менмұндалайды.
Ауыз екі тілдің бай қоры мен әдемі үнін сақтаушысы саналатын қара құрым халықтан тартып, басында тек ақша туралы ғана ой жүретін студент-жастар, өздерін бұлардан көп жоғары қоятын сауатсыз журналистер мен екі жүзді әртістердің аузымен бір кезгі далалық жұрттан кетпестей боп сіңіп қалған ескі сарынның соңғы жұрнақтары аяусыз айғыздалып, бүліну үстінде. Бұған тең түсетін сурет табу үшін бүгінгі ұрпақтың қолынан қиратылып жатқан Сирия қалаларын көз алдыға әкелу керек шығар.
Нағыз Қапшықбайұлы
ult.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста