«Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының» 10 томы жарыққа шықты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2004 жылдан бері «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының» 30 ғасырды қамтитын көптомдығын шығаруды қолға алып, тоғыз томын шығарған еді. Енді, міне, «Сөздік-Словарь» баспасынан аталмыш антологияның соңғы 10-томы жарық көрді.
Антологияда оқыр­ман­дарға жә­не ұр­пақ тәрбиесіне қажетті тәлім та­­рихы, қазақ тә­лімінің ежелгі за­ман­нан бергі даму та­рихынан мағ­лұ­мат беретін ұлттық бағалы мұ­ра­ла­ры кешегі кеңестік партиялық идео­логиядан арылып, жинақталып, бір жү­йеге келтіріліп берілген.
«Қазақтың тәлімдік ой­лар ан­то­ло­гия­сын­да» қа­зақ­тың ұлттық тә­лім­дік ой­ла­­­ры­ның даму тарихы шарт­­ты түрде мынадай ал­ты ке­зеңге бө­ліп топтастыры­лады:

– біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі (VІІ-VІ ғғ.) Авеста жазуынан басталып, І-V ғасырлардағы халықтар мәдениеті (Орхон-Енисей жазба ескерткіштері);
– орта ғасыр заманындағы тәлімдік ойлар (ІХ-ХІV ғғ.);
– қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие (ХІV-ХVIII ғғ.);
– қазақ хандығының ыдырауы, Қазақстан даласының орыс патшасына бағынуымен байланысты демократиялық-ағартушылық бағыттағы тәлім-тәрбие (XIX ғ. мен XX ғ. 20 жылына дейінгі кезең);
– педагогикалық ойлардың кеңестік дәуірде ғылым ретінде қалыптасып, дамуы (XX ғ. 20-жылдары мен 90-жылдар арасындағы кезең);
– егемен Қазақстандағы ұлттық мәдениеттің қайта жандану кезеңі.

Гүлзия ПІРАЛИЕВА, Қазақ мемлекеттікқыздарпедагогикалық университеті филология факультетінің деканы, профессор:
– Ұлттық тәлім тарихын осылайша, алты дәуірге бөле топтастырып, оны 3000 жылдық көне тарихы бар мәдени мұра ретінде қарастыру ұлттық мә­дениетімізді жүйелі баяндаудың үлгісі бол­мақ. Бұл еңбек біздің ұлттық ғы­лымға қосылған қомақты үлес деп ой­лаймын. Талай ұрпақты ұлттық рухта тәр­биелейтін құнды қазына, рухани байлығымыз болары сөзсіз.
Антология – қазақстандық педа­гог-ғалымдар үшін ұлттық мәдениеттің ін­жу-маржанымен жастарды су­сын­дата отырып, оларды шынайы отан­сүйгіш азамат етіп тәрбиелеуге жа­рай­тын құнды еңбек. 30 ғасырлық мә­де­ниет тарихын қамтитын «Қазақтың тә­лімдік ойлар антологиясы» бүгінгі еге­мен Қазақстанның ұрпақ тәр­бие­леудегі сан ғасыр бойы қа­лып­тасқан мәдениеті бар ел екендігін дә­лел­дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста