«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясының тұсауы кесілді

Өткен жылдың  басында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен шыға­рылған «Қазақтың 1000 күйі» домбыра күйлері антологиясы ұлттық музыкаға жаны құмар қазақ халқын бір серпілтіп тастаған еді. Қазақ халқы биылғы жылы да осындай асыл мұраларымен қайта қауышқандай сәтті бастан өткеріп отыр. Жуырда Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамммедтің бастамасымен дайын­дал­ған «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» анто­ло­гия­сының тұсауы кесілді.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең»,–  деп хакім Абай жырлағандай, қазақтың рухани өмірі ешқашан ұлттық музыкадан алыстаған емес. Бүгінгі күні де ұлтымыз­дың жауһардай әсем сөздерінен құралған асыл әндері өз тыңдармандарының жүре­гіне кеңінен жол табуда.  «Қазақтың дәс­түр­лі 1000 әні» антологиясында қазақтың дәс­түрлі ән үлгілері бұрын-соңды болып көр­меген көлемде, барынша мол қам­ты­лып отыр.  Осыған дейін қазақ даласының ән­шілік мектептерінде орын­далатын ән­дер­ді тыңдармандар тек сол жер­де, мә­се­лен, Сыр өңірі мектебінің  ән­де­рін Сыр бойында, Жетісу әндерін Же­тісуда тың­дай­тын. Тіпті олардың орын­далу шебер­лігін, нақышын тың­дар­мандар көп жағ­дайда ажырата бермейтін. Се­бебі олар әр­қашан бір жерде орындала қоймайтын.  Енді әнсүйер қауым бұл әндердің бар­лығын  бір ғана антологиядан таба алады. Жи­наққа  дәстүрлі кәсіби әндер, Арқа  ән­ші­лік дәстүрі, Батыс Қа­зақ­стан әншілік дәс­түрі, Маңғыстау әндері, Же­тісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірінің әншілік өне­рі енгізіліп отыр. Аталған антологияның кіріспе сө­зін­де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ұл­ты­мыздың аса бай ән өнерін дамытуға Абай бастаған, Біржан сал, Ақан сері, Мұ­хит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Естай, Нартай, Кенен сияқ­ты халық  композиторлары өл­шеусіз үлес қосып, оны сапалық жаңа биік­ке көтерді.  Олар­дың мол шығарма­шы­лық мұрасы қазақ операсы мен ба­ле­тінде және клас­си­калық музыкалық туын­ды­ларында ке­ңінен пайдаланылып, әлем­нің ең әйгілі му­зыкатанушылары та­ра­пынан жоғары ба­ғаға ие болды», – деуі бұл жинақтың ұлт­тың рухани, мәдени өмі­рі үшін қан­шалықты маңызды екенін аң­ғар­та түседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста