«Қазақстанның» жаңа маусымы

«Қазақстанның» жаңа маусымы

«Қазақстан» ұлттық арнасы қазақ тіліне толықтай көшкелі бері, бұрын-соңды болмаған рейтингінің ең жоғары сатысына көтерілді. Көш бастаудың тағы бір құпия сыры – телеарна жыл сайын көрерменді еріксіз баурап алатын жаңа жобалар ойлап табуда. Биылғы күзде де халықтың сүйікті арнасы өз көрермендерін көзайым жобаларымен қуантуға асығады. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА бұрын-соңды болмаған мега-жобалар, ақпараттық-сараптамалық, деректі-танымдық жобалар, жаңа ток-шоулар мен көңіл жадырататын ойын-сауық және музыкалық сазды бағдарламаларын ұсынады.

Қыркүйек айында көрерменнің ерекше сұранысына ие болған отандық теле­хикая­лардың жаңа бір легінің тұсауы кесіледі. Сіз отандық телехикаялармен бірге әлемнің озық кинокомпаниялары түсірген көркем кинотуындылар мен деректі фильмдерді тамашалай аласыз. Күздің көңілсіз күн­дерін жаздың жасыл әлеміне айнал­дыр­ғыңыз келсе, «Қазақстан» ұлттық арна­сынан ажырамаңыз. Жаңа маусымда «Қазақстан» ҰТА ұсынатын жаңа жоба­лар­ға қысқаша шолу жасасақ:
«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»
Бұл – жай талант-шоу емес, ел ішінде елеусіз жүрген ғажап дауыс иелерін тауып, оларды елге танылған күміс көмейлердің қатарына қосатын мега жоба. Мұнда кәсіби әншілер байқау қатысушыларына өздері көмектесіп, бар білгендерін үйретеді. Бірақ өз шәкірттерін қанша қолдап, жаны ашы­ға­нымен, ең мықтысын таңдауы керек. Бұл теле­жоба әлемнің 35 елінде көрсетіліп, барлығында ең жоғары рейтинг жинады. Америкалық нұсқасында экран алдына 37 миллионнан астам көрерменді жинап, барлық тележобаны артта қалдырды. Енде­ше, Ұлттық арна да, бұйырса, өз көрерменін жаңа маусымда жіпсіз байлайды деген сөз.
«ЖЕТІ КЕРЕМЕТ»
«Ұлттық-шоу» деп аталатын тағы бір тың жобаның экранда бұрын-соңды болған көпшілік музыкалық бағдар­лама­лардан айырмашылығы – бір жанрды ғана емес, көрерменнің алуан түрлі талғамын, қалауын ескере отырып, жеті түрлі бағытты қам­туында. Яғни «Ұлттық жоба»:
1) Дәстүрлі ән кеші;
2) Еуропаның классикалық музыка кеші;
3) Эстрадалық ән кеші;
4) Поэзия және бардтар кеші;
5) Би кеші; 
6) Этно-фольк жанрындағы ән мен музыка кеші;
7) Ретро әндер кеші. Яғни кез келген кө­рер­мен көңіліне жағатын жанрды Ұлт­тық арна эфирінен таба алады.
«ТҮНГІ-ШОУ НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВПЕН»
Бұл жобаның өзге бағдарламалардан ерекшелігі – жобада орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар болады. Бағдарлама жүргізуші мен келген қонақты жанды дауыста әртүрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ сүйе­мел­деп отырады. Бағдарлама аптасына төрт рет жарыққа шығады.
«ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ»
Бір қолымен – бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайып­тылардың бүгінгі болмысы Ұлттық арнаның осынау жаңа жобасында көрер­менге жол тартпақшы. Бағдарлама аясында нәзік­жандыларға әдеміліктің құпиясы, сән және т б. туралы керекті кеңес беріледі, әйел­дер­дің мұң-шағымы көте­ріледі. «Әйел бақы­ты» аптасына бес рет тікелей эфирде жүреді, сондықтан көрермен өз сауалын тап сол сәтте, тіпті үлгермей қалса, эфирден тыс уақытта да телефон арқылы немесе элек­трон­ды пошта арқылы жолдай алады.
«ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ»...
– сериялы репортажының еліміздегі басқа арналарда баламасы жоқ, «Қазақ­стан» ҰТА бастамасымен Қазақстан Рес­публикасында тұңғыш қолға алынған жоба. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетел азаматтары асырап алған қазақ­стан­дық балалар тағдырының қалай өрбігенін көрсету.
«ҚҰЛАҚТАН КІРІП БОЙДЫ АЛАР»
Ұлттың біртұтастығын сақтаған маңыз­ды элемент – халық фольклоры. Ендеше, «Құлақтан кіріп бойды алар» танымдық этно-музыкалық фильмі нағыз фольклор сүюшілерге арналған бағдарлама болмақ. Аптасына бір рет көрсетіледі. Музыкалық фильмнің әр сериясында қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндалады. Дәстүр – кез келген халықтың ажырамас, бір­тұтас, айқындаушы бөлшегі. Сыр өлкесі, батыс мақамы мен Жетісу өңірі ән мектебі т.б. Қазақстанның бірін-бірі қайталамайтын дәстүрлі ән өнері насихатталады.
«ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА»
Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері және нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Ұсыны­лып отырған «Тарих толқынында» теле­жо­басы Мемлекет басшысының:
– Қазақстан тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалық секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау;
– Қазақтардың ұлттық тарихының көк­жие­гін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүние­танымын қалыптастыру;
– Қазақстанның жаңа тарихының 20 жылының мәнін пайымдау бағыттарына кұрылған аталған бағдарламаның басты мақсаттарына ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету, жүзеге асыру идеясы негізінде туды. Сондықтан да қазіргі тандағы отан­дық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында, сондай-ақ ұлттық тарихты қазіргі ұрпақтың санасына осы заманның пайым-түсінігі, қала берді, насихаттаудың заманауи жаңа мүмкін­дік­тері негізінде сіңіру біздің азаматтық борышымыз болып табылады. Осыларды негізге ала отырып «Тарих толқынында» жобасында тарих ғылымында қажырлы еңбек атқарып жүрген тарихшы ғалым­дар­мен бірлесе отырып, отандық БАҚ арқылы қоғамға тың әрі танымдық ақпараттар ұсыну жобаның мақсатына айналды.
ОТАНДЫҚ ЖАҢА ТЕЛЕХИКАЯЛАР
Соның бірі – қарапайым қазақ отба­сы­ның тағдыры жайлы – «Ұлжан» теле­хи­каясы. Бас кейіпкер – Тәуелсіздік жылдары мойнына үлкен жүк артқан, кейіннен үлкен жетістіктерге жетіп, нағыз дәулетті кәсіп­кер­ге айналған қазақтың келіншегі. Өмір­дің ащысы мен тұщысын қатар алып жүріп, балаларын тәрбиелеген, туған-туыстың арасындағы беделін де ойлаған ананың бейнесі. Бүгінгі қоғамда әйелдің алатын орны мен шынайы өмірден алынған оқи­ғаларға толы хикая. Сонымен қатар жаңа маусымда «Олимп шыңы», «Сұңқар», «Ұстаз», «Учаскелік полицей», «Әпке», «Сыр­ғалым», «Судағы із» атты жаңа қазақ телехикаяларының тұсауы кесіледі. Бұл аз десеңіз, еліміздің түкпір-түкпірінде ерлік көрсетіп, батырлығы, өжеттігімен көзге түсіп жүрген жандар жайлы деректі фильм­дер топтамасы «Жаныңда жүр жақсы адамда» жалғасады.
Ұлттық арна көркемдіктен гөрі дерек­тілікті ұнататын көрермендерді де құр қалдырмай, «Қазақ даласының құпия­ла­ры», «Ұлы дала тарихы», «Ұлт мақтанышы» деректі фильмдерін ұсынады.
Бір сөзбен айтқанда...
Жаңа маусымда көрермендер көзайы­мы­на айналып үлгерген «Айтуға оңай», «Алаң», «Сыр-сұхбат», «Жарқын бейне», «Келбет», «Қылмыс пен жаза», «Ақсауыт», «Ме­нің Қазақстаным», «Таңшолпан», «Жиһан­кез», «Телқоңыр», «Жайдарман», «Иман айнасы», «Жан жылуы», «Дауа», «Спорт. К2», «Көкпар» ұлттық ат спорты ойы­ны, «Толағай» бағдарламаларын көрсетуді жал­ғастырамыз. Қысқасы, Ұлттық арна сізге жаңа жобалардан шашу шашады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста