Қазақстанның батысындағы той өткізу салты қандай?

Қазақстанның батысындағы той өткізу салты қандай?

Уақыт өте келе, еліміздің әр аймағындағы той өткізу салттарына аздап өзгеріс ене бастады.

той

Осы орайда еліміздің батыс аймағында өтетін үйлену тойларындағы негізгі ерекшеліктерді назарларыңызға ұсынамыз.

1.    Келіннің бетін ашу

Беташар – қазақтың келін түсіргенде орындалатын салтының бірі. Еліміздің барлық аймағында бұл салт өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Алайда, кейбір ерекшеліктер жоқ емес.

қамшы - 2

Мәселен, еліміздің батыс облыстарында (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары) келіннің бетін ашарда басына жабылған орамалға тағы да бірнеше орамал жалғанып, ұшы қамшыға байланады. Ал қамшыны 5-6 жастағы ер балалардың біріне ұстатады. Келіннің бетін ашқан адам кейін қамшыны үйленген жігітке ұстатады. Бұл «Үйіңде қамшы ұстайтын ұл дүниеге келсін» деген ырыммен жасалады. Ал басқа аймақтарда келіннің бетін оқтаумен де ашады. Сонымен қатар, келіннің бетін ашқан адам мен жаңа түскен келіннің бір рудан болмауын да назарда ұстайды.

қамшы 1

2.    Келіннің бетін құбылаға қаратып ашады

Соңғы кездері еліміздің батысында келіннің бетін кешкісін мейрамханада ашу сәнге айналды. Той иелері мейілінше беташарға берілетін ақшаның көп болуына және барлық туысқандар тізімнен қалып қоймауына мән берген соң осындай қадамға барады. Ал бұрындары келіннің бетін тек күндізгі уақытта ашқан. Одан бөлек, беташар кезінде келіннің бетін құбылаға қаратып, аяғының астына жаңа сойылған қойдың терісін тастаған. Қой терісін тастау  биязы, мінезі жұмсақ болсын деген тілектен туындаған.

беташар

3.    Ұзатылған қызды түнгі 12-де алып кетпейді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде келінді түнгі сағат 12-ден кешіктірмей алып кету дәстүрге айналды. Ғаламтор беттерінде «құдды жаңа жыл күткендей, түнгі 12-де алып кетудің қажеті қанша?» деген пікірлер де бар. Ал еліміздің батыс аймақтарында ұзатылатын қызды түн жарымында алып кетпейді. Ұзату тойы үйлену тойымен тең дәрежеде өтіп, қалыңдықты үйінен күндізгі уақытта, туған-туыстарының ортасында, өз үйінен ұзатып алады.

maxresdefault

4.    Қыздың ата-анасы үйлену тойына қатыспайды

Қазақстанның батыс аймақтарында үйлену тойына келіннің көп туыстары келмейді. Негізінен, аға-жеңгесін, сіңлілерін және жасы кіші інілерін өзімен ертіп жібереді. Ал жаңа құдаларды, яғни, келіннің туыстарын беташар өтіп кеткен соң ғана мейрамханаға кіргізеді. Алайда, соңғы кездері үйлену тойына келіннің ата-анасының келуі де салтқа ене бастады.

қонақ

5.    Шымылдық ұстау

Жас келін үйге түскен кезде шымылдық ұстау Қазақстанның барлық аймақтарында сәтімен орындалатын салт. Алайда, еліміздің батыс өңірінде шымылдықты келін көліктен түскен сәттен бастап ұстайды және шымылдық жас жұбайлардың бөлмесінде жарты жылға дейін ілініп тұрады. Шымылдықтың әдемі әрі сәнді болуына үлкен мән беріледі. Ақ атлас мата мен қызыл барқытты ұштастырып тігеді.

шымылдық - 01

6.    Келінді терезеден кіргізу

Жақында Ақтауда шаңырақ көтерген егіздердің тойында келіннің бірі есіктен, екіншісі терезеден кірді. Бұл оқырмандар арасында түрлі пікір туындатқан болатын. Негізінен, бір үйдің тете өскен балалары немесе егіздер үйленсе, келіннің бірі есіктен, екіншісі терезеден кіреді. Бұл салт абысындардың бір-бірімен тату болуына және қуаныштың ортаймауына негізделген. Бұрынғы заманда үйге екі келін түссе, оның біреуін кіргізу үшін керегені ашқан деседі.
терезе

 

 NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста