Дәл қазіргі уақытта Витебскте жас орындаушылардың «Славян базары» деп аталатын байқауы өтіп жатыр.
Динара әлемдік жұлдыз болуды армандайды. Әншінің осы арманының жүзеге асуына Витебсктегі байқаудың белгілі бір дәрежеде әсер етері хақ. Ресей мамандарының айтуынша, қазақстандық жас вокалист Динара өз қарсыластарынан өзінің жастығымен, мелодиканы көрерменге шебер жеткізе алу қабілетімен, тіпті джаз стиліндегі әндерді жақсы орындауымен ерекшеленеді. Ән жарысының алғашқы күні Динара ең үздік нәтиже көрсетті. Байқау өтіп жатқан екі күннің нәтижесі бойынша үздік көрсеткішпен алда келе жатқан хорватиялық Дамир Кеджо атты орындаушы 180 ұпайдың 172-сіне қол жеткізді. Ал екінші орында – 170 ұпаймен гүржістандық әнші Лаша Рамишев. Одан кейін армениялық әнші Аниат Шакбазян 165 ұпаймен, украиналық әнші Инна Воронова 163 ұпаймен алғашқыларға ілесіп келеді.
«Витебск-2010» XIX Халықаралық эстрадалық әндер орындаушылары байқауының екінші күнінде жас әншілер Михаил Финбергтің жетекшілігіндегі ұлттық концерт оркестрінің сүйемелдеуімен жазғы амфитеатр сахнасында өнер көрсетті.