"Мемлекеттік хатшы мадам" деп аталатын америкалық телехикаяда Қырғызстан мен Қазақстандағы құлдық мәселесі көтерілді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл телехикая туралы өзінің Facebook парақшасында Гүлжан Тоқтағулова жазған.
Телехикаяның 3 маусымы Қырғызстандағы адам саудасына арналған, онда Қазақстан туралы да айтылған.
Телехикаяда америкалық билік Қырғызстан президентімен келіссөздер жүргізеді. Ол болса елде қылмыс пен құлдық салтанат құрып тұрған кезде ешқандай әрекет жасамаған.
"Қырғызстан - Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер сияқты емес. Біз ешқашан авторитарлық режимге бағынбағанбыз. Құлдық бізде емес, Қазақстанда кең етек жайған", - дейді Қырғызстан президенті АҚШ мемлекеттік хатшысымен келіссөздер жүргізу кезінде.