«Қазақстан» Қазмедиа орталығынан алғашқы хабарын таратты

«Қазақстан» Қазмедиа орталығынан алғашқы хабарын таратты

2012 жылдың 24 желтоқсаны қазақ телевизиясы үшін тарихи күн болды. Еліміздің басты ақпарат көзі «Қазақстан» ұлттық арнасы Астанадағы Қазмедиа орталығынан хабар тарата бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұсауын кескен Қазмедиа орталығы әлемдік жетекші өндірушілердің жаңа өнімдерімен жабдықталған. «Қазақстан» ұлттық арнасы ең соңғы және ең озық технологиялық құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, айқындығы жоғары HD форматына көшті.
Алғашқы беташар хабарды «Таңшол­пан» бағдарламасы таратты. Эфирге бі­рін­ші болып шыққан тележүргізушілер Берік Көшербекұлы мен Назерке Нұртас «Қазақ­стан» ұлттық арнасының сандық форматқа көшіп, елорда төріндегі ме­диаорталықтан хабар тарата бастауына орай өз көрермен­дерінен сүйінші сұ­рады.
Елордадан таратылған «Таңшолпан» бағ­дарламасының алғашқы қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың иегері, жазушы Әкім Тарази, Қа­зақстанның еңбек сіңірген әртісі, компо­зитор Кеңес Дүйсекеев, ҚР Парламенті Мә­жілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов болды.
Берік КӨШЕРБЕКҰЛЫ, Астанаға қоныс аударған тележүргізуші:
– Астанаға келгенде нағыз қыстың қандай болатынын тұңғыш рет сезіндім. Бірақ Астана маған 48 С-тық аязына қарамастан ұнады. Әсіресе елорданың төрінен орын тепкен Қазмедиа орталығы ерекше әдемі ғимарат екен. Ең соңғы заманауи құрал-жабдықтармен қамта­ма­сыз етілген медиаорталықта жұмыс істеудің өзі адамға қанат бітіреді. Бұдан кейін отандық ақпарат өнімдерінің сапа­сы артатынына шүбә келтіруге болмас.

Жаңа студияда жаңа сандық форматта эфирге шыққан Ұлттық арна ұлттық контенттің күн санап арта түсуі үшін ерекше қарқынмен іске кірісіп кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста