Рудный қаласында туған әнші ата-анасымен бірге Астанаға көшіп келген. Дінмұхаммедтің өзі «Қазақстан дауысы» шоуының жеңімпаз атанғанына әлі де сене алар емес.
Бұл туралы alau.kz. хабарлайды.
Дінмұхаммед Дәулет 6 жасынан бастап ән айтады.
«Колледжде оқып жүргенде менің немен әуестенетінімді сұрады. Мен ән айтатынымды айттым. Оқу ордамда ән айта бастадым. Ата-анам ән айтқанымды қабылдамады. Сондықтан мен ата-анама көмектесу үшін эксковаторшы болып жұмыс істедім», – дейді жас әнші.
Республикалық «Шеберлер елі» байқауында 20 жастағы әнші Айқын Төлепбергенмен бірге ән айтты. Осыдан соң оның ән айтуға деген ықыласы күшейе түседі. «Х-Фактор» жобасында да бақ сынап көреді.
Жоба жеңімпазы сопрано дауысының иесі. Ол 7 млн теңгені ата-анасына беретінін айтты.
«Ата-анама көмектесем деп ойлаймын. Одан кейін мансабымды дамыта түсем. Ән жазам, бейнебаян түсірем, оқимын», – дейді Дінмұхаммед.
stan.kz