"Қазақстан аруы" байқауына қатысты шу шықты

«Ақтау аруы-2022» атанған Жанна Құбышева республикалық сынға қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Таяуда ғана сұлулық байқауында Маңғыстау өңірі бойынша жеңімпаз атанған 22 жастағы Жанна Құбышева 18 қарашада өтетін "Қазақстан аруынан" белгілі себептермен тыс қалып отыр. Бұл туралы байқау жеңімпазы Экспресс К тілшісіне айтып берді.

 

 instagram.com/zhannakubysheva1

 

Маңғыстаулық арумен бірге Қызылорда, Орал, Талдықорғанда өткен облыстық сайыстың жеңімпаздары да республикалық сынға қатыспайын деп тұр. Бұрын аймақтық сында жеңімпаз атанғандар бірден республикалық сынға жолдама алса, биылдан бастап төрт адамнан құралған қазылар алқасы арнайы кастингтен өткізетін болған көрінеді.

 

1997-2021 жылдар арасындағы өңірлік сайыстың жеңімпаздары бірден реуспубликалық сынға тікелей жолдама алған еді. Биылғы маусым айында сұлулық байқауына Айдай Исаева Президент болғалы жаңа команда өзіндік өзгерісін енгізген.

 

"Ақтау аруы-2022" сайысы 8 қазанда өтті. Өңірлік сайыстың жеңімпаздарына 26 қазанда міндеттелген кастингке қатысатыны туралы бірер күн бұрын ғана айтылды. Биыл еліміз бойынша 15 қалада ғана осындай сайыс өткен. Мысалы, Атырау мен Тараз қаласында сайыс ұйымдастырылмады. Бұл жақтан үміткерлер кастинг бойынша анықталып, республикалық сынға қатысуы тиіс болған. Біздің Маңғыстау облысы бойынша байқау директоры Айжан Сисеналиева өзінің қаражатына сайыс ұйымдастырып, жеңімпаз ретінде мені кастингке ұсынды. Кастинг google-meet арқылы онлайн түрде өтті. Қазылар алқасының құрамында Айнұр Ілиясова, Аша Матай, Динара Қырықбай, Айдай Исаева болды. Кезек бойынша әр үміткерге 1 минуттай уақыт беріліп, өзіміз туралы айттық. Басқа қыздардың қалай жауап бергенін білмеймін. Бір минут бойы қайда оқып, білім алғаным, ҰБТ-дан 125 балл жинап, "Алтын белгіге" бітіргенімді айттым. Олар жауаптарыма риза болып, тамсанып отырған кейіп танытты. Өзімнің өтетініме сенімді болдым. Айдай Исаеваның өзі "Өте әдемісің" деп тамсанып отырды", — дейді Жанна Құбышева.

 

instagram.com/zhannakubysheva1

 

Алайда кастинг қорытындысы бойынша "Ақтау аруы-2022" байқауы жеңімпазы Жанна Құбышева сыннан өтпей қалды. Осыған дейін талай уақытын сарп еткен ару зая кеткен еңбегі үшін өкініш білдіріп отыр.

 

"Қазақтан аруы" 18 қарашада өтеді. Оған барлығы 25 ару қатысады деп айтылды. Оның 15-і облыстарда іріктеліп, кастингке қатысуы керек болса, Алматы, Астана, Шымкент секілді республикалық маңызға ие қалалардың жеңімпаздары кастингсіз қатысады. Ал Орал, Өскемен, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Маңғыстау облысының арулары биыл республикалық сынға қатыспайтын болды", — дейді Ақтау аруы.

 

Жаннаның айтуынша, ұйымдастырушылар ресми түрде айтпағанымен, олар актриса, модель қыздарға өздері ұсыныс білдіріп, республикалық сайысқа қатысуға шақырады екен. Олар үшін ешқандай іріктеу сыны қажет емес. Осыдан кейін аймақтық іріктеу сайысын өткізудің ешқандай мәнісі қалмағандай.

 

instagram.com/zhannakubysheva1

 

"Ұйымдастырушылар қатысушылардың сыртқы келбеттен бұрын ішкі интелектісіне де қараймыз" деп отыр. Бұл жылы жаба салған жауап деп санаймын. Неге десеңіз, Талдықорған аруы атанған қыз ҚР Президенті стипендиясының иегері. Өз басым оқуды үздік бітірдім. Тіл білмейді деп айтса, шет тілін білемін. Шетелдік компанияда қызмет етемін. Қазылар тек өзіміз туралы айтуды ғана сұрады. Жеке зияткерлікті анықтайтын сұрақ қоймады. Жауаптарымызға риза болған кейіпте отырды. Бұл жерде республикалық сынға өтпей қалғандарға қатысты нақты себебі айтылмады", — дейді Жанна Құбышева.

 

Экспресс К тілшісі "Ақтау аруы-2022" атанған Жанна Құбышеваның сөзінен кейін республикалық сайысты ұйымдастырушылармен байланысып көрді. Алайда жауапты тараппен тілдесу мүмкін болмады. Экспресс К аталған жағдайды назарда ұстап, алда сұлулық сайысын ұйымдастырушылардан мәселенің мәнісі туралы сұрамақ.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста