Қазақи салғырттығымыз Ұлттық кітапханаға да жұққан ба?

Қазақи салғырттығымыз Ұлттық кітапханаға  да жұққан ба?

Бүгінгідей жаһанданған әлемде ақпараттық технологиялардың дамуы аса қарқынды. «Ел межесі – елулік!» деп ортаға ұран тастаған біздер заманауи жетістіктерге ілдалдалап ілесуге шама-шарқымызша талпыныс жасап келеміз. Дегенмен ұлтымыздың рухани құндылықтарын өзімізде дәріптеу арқылы барымызды өзгеге паш етіп көрсету жағы бізде кемшін түсіп отыр.
Осындайда тәуелсіз, жас мемлекетіміздің жа­ғым­ды имиджіне жұмыс істейтін жақсы жоба­лар­дың жоқтығына қынжыласың. Кеңсесінен бастап, қо­расына дейін атқарылатын шаруаларының бар­лы­ғын электронды техника арқылы дөңгелетіп отыр­ған батыс пен мұхиттың арғы жағындағы көптеген ел­дер өздерінің рухани мұраларын шетінен сандық жүйеге көшіріп алды десек те болады. Ал біз әлі жүрміз... Осы орайда мына бір жаңалыққа назар аудар­май кетсек болмас:
21сәуір күні ЮНЕСКО-ның Парижде орналасқан штаб-пәтерінде тұңғыш Бүкіләлемдік электронды кітапхана (БЭК) веб-сайтының салтанатты ашылу рәсімі болады.
Әлемнің ең үлкен кітапханаларының рухани бай­лық қорын бір арнаға тоғыстырған бұл жоба қазіргі уақыттың өзінде 26 миллион дана кітап, құжаттары бар АҚШ Конгресі кітапханасының негізінде жүзеге асырылды.
Әр түрлі деңгейдегі демеушілердің қаржысына жасалған веб-сайттың іске қосылуына әйгілі Google компаниясы бірінші болып 3 миллион доллар ақша құйған. Қазіргі уақытта БЭК қорында әр мем­ле­кеттің кітапханаларында сақтаулы мыңдаған та­ри­хи құнды кітаптар мен сирек кездесетін қол­жаз­балар қорының электронды нұсқалары жинақ­тал­ған. Сондай-ақ аталған веб-сайтта кейбір құнды дүниелердің суреттері және үнтаспалары мен бей­не­таспалары да орналастырылған.
Бүгінге дейін шетелдің жиырмаға жуық беделді кітапханалары БЭК-тің құрамына енген.Бұл тізім алдағы уақытта толықтырылып отырмақ.
Алайда Әлемдік кітапхана сайтынан ойып тұрып орын алу үшін оған кіретін кі­тап­ханалар ең соңғы үлгідегі заман та­лап­тарына сай болуы міндетті. Ғаламтор ар­қылы кеңістікке шығуға дайын тұрған жа­ңа электронды кітапхана мүшелігіне соң­ғы тір­келгендердің арасында Ресейдің Ұлт­тық, мемлекеттік және Б.Ельцин атындағы үш бірдей кітапханасы бар. Бірақ бұл бас­таманың басы-қасынан біз өзіміздің Ұлт­тық кітапханамыздың қарасын көре ал­ма­дық. Осының мәнісін білмекке білетін адам­­дардың өзіне хабарласқан едік.
Гүлиса Балабекова, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық кітапханасы ди­ректо­ры­ның орынбасары:
– Бүкіләлемдік электронды кітап­ха­­на құрамында біздің кітапхана жоқ. Бірақ оның салтанатты ашылу шарасына АҚШ Конгресі кітапхана­­сының басшылығынан арнайы ша­қыр­ту алғанбыз. Өкінішке орай, оған баруымызға қаржы тапшылығы қол­байлау болып отыр. Дегенмен біз өз тарапымыздан аталған кітапханаға мүшелікке қабылдану үшін арнайы құ­жаттар әзірлеп, ондағылармен ке­­лі­­сімшартқа отыруға әрекет етіп жа­тыр­мыз. Веб-сайтты жасау­шылардың міндеттемелері мен талап­тары да өте жоғары екен. Әзірге бізде дайын­дық жұмыстары жүргізілуде.
Әрине, әлемдік деңгейдегі кітапха­на­на­лардың қатарынан көріну үшін біз ең алдымен өзіміздің кітапханаларды за­ман­ға сай технологиялармен жарақтан­ды­руы­мыз қажет. Алты миллионнан астам кітап қоры бар республикамыздағы оқырман қауым­ға арналған 1500 орынды жалғыз ірі Ұлттық кітапхана қазіргі уақытта өзінің мәдени стратегиялық маңызы зор статусын пайдалана алмай отыр десек те болады.
Кезінде Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Бұнда талай жыл бұрын шыққан өте сирек кітаптар бар. Егер со­лар­ды қалпына келтіріп, сандық жүйеге кө­шірмесек, 10-15 жылда кеш болады. Сон­дықтан кітапхана басшылығына жаңа бағдарлама жасап, кітаптарды сандық жүйе­ге көшіру керек» дегенді баса айт­қан болатын. Бүгінде Ұлттық кітапхана Бүкіләлемдік электронды кітапхана құра­мына кірмек түгілі, өзінің жеке сайты­ның жұмысын да талапқа сай жүргізіп отыр­мағаны анық. Сайттың ағылшыншасы мен орысшасы тастай. Қазақшасын оқи ал­ма­дық...Сенбесеңіз, көріңіз: www.nlrk.kz

Файл
Бұл жобаны жүзеге асы­ру­шы 1800 жылы құ­рыл­ған АҚШ Кон­гре­сі кітап­ха­на­сының қазіргі ди­рек­торы Хадли Билинтон ЮНЕСКО бас­­шылығына әлем­дік кі­тап­хана веб-сайтын ашу идея­сын осыдан төрт жыл бұрын ұсыныс ретінде айт­қан бола­тын. Аталған сайт ағыл­шын, араб, қытай, испан, фран­цуз, порту­гал және орыс тіл­де­рінде қыз­мет көрсетеді. Сайт­қа кіріп, қа­жетті мағ­лұ­мат­тар алу тегін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста