Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Қазақ хандығы" атты тарихи-драмалық телевизиялық сериалдың түсіріліміне қатысуға кастинг жариялайды.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.
Басында 20 сериал болады деп жоспарланса, кейіннен 10 сериал болып бекітілді. Ал, 10 сериалы жұмыс режиссер Рүстем Әбдірашевке сеніп тапсырылды.
Кастингке сыртқы келбеті азиялық типке жататын, спорттық дене бітімі бар, бойы 170 см кем емес, 17 және 45 жас аралығындағы ер адамдар қатыса алады.
Сонымен қатар сериал түсіріліміне 17 мен 60 жас аралығындағы ер және әйел адамдар қажет. Үміткерлердің актерлік жұмыс тәжірибесі болғаны абзал, сондай-ақ, кастингтің міндетті шарты - қазақ тілін меңгеріп, атпен салт жүре білулері қажет.
Үміткерлердің актерлік жұмыс тәжірибесі болғаны абзал, сондай-ақ, кастингтің міндетті шарты - қазақ тілін меңгеріп, атпен салт жүре білулері қажет.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фильм алғашқы жоспарлағаннан екі есеге, яғни 10 серияға дейін қысқарғанын, фильм Жәнібек пен Керей билігі заманынан бастап Кенесары ханға дейінгі кезеңді қамтитынын айтқан.
Бұдан өзге, кино түсіруге АҚШ пен Қытай кинокомпаниялары кеңесші ретінде шақырылатыны хабарланған. Фильмді 2015 жылдың соңына дейін экранға шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көп сериялы тарихи туындының сценариін жазуға белгілі жазушы Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсылықовтың шақырылғанын жақсы білесіздер. Консультант ретінде "Шыңғыс хан" фильмінің сценариін жазған маман да шақырылады.
Жалпы, Қазақстанда ең бірінші рет осындай ауқымды тарихи сериал қолға алынып отыр. Үлкен жауапкершілік пен ел тарихын қамтитын картина көпшіліктің көңілінен шығу үшін сапалы түсірілім жұмыстарын талап етеді.