Қазақ тілін үйренудің қандай рецептісін ұсынасыз?


Роман КИМ, «Қазақстанның корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Тіл үйретудің әмбебап бір ре­цеп­ті бар деп ой­ламаймын. Ме­нің­ше, кез келген тілді үйрену үшін ең алдымен адам­ның ниеті, ішкі қа­лауы болуы керек. Екіншіден, өзіңді-өзің жігер­лендіретін күш-қуат болу керек. Содан кейін барып тіл үйретуші ұстазға және оның методикасына байланысты болып келеді. Мысалы, менің ұстазым тіл үйрету барысында сөз жаттатып қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрін, жораларын, таным-түсінігін бірге жеткізуге тырысады. Мұндайда тіл үйрену де әлдеқайда жеңіл болады. Себебі түсініп барып оқисың, есте сақтауға да жақсы. Қазақ тілі үйренуге жеңіл деп айта алмаймын, бірақ, ол – қызық. Сөй­лемді дұрыс құрамасаң мүлде бөлек мағына беріп кетеді. Ал өзге тілдерде атауларын білсең болды, әйтүп-бүйтіп түсінісе аласың ғой. Соған қарамастан, алынбайтын қамал жоқ, менің қазіргі қазақшам жа­ман емес. Айтылған сөзді түсінемін, өзім де қара­пайым ауызекі сөздерді пайдаланып сөйлесемін, оқи аламын. Жолда кетіп бара жатқанда, жол бойын­дағы жарнамаларды қалдырмай оқып отырамын. Түсінбегенімді өзгелерден сұраймын. Бұл да бір әдіс шығар.

Ию ИИ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенті, Қытай азаматы:
– Қазақстанда жүргеніме екі жыл болды. Алайда қазақ тілін үй­ре­нуді бастағаныма – 10 ай. Осы уа­қыт­тың ішінде ауы­зекі тіл деңге­йінде кез келген адаммен тілдесе алатын дәрежеге жеттім. Қазақ тілін тек ҚазҰУ-дің қабырғасында жүріп, ешбір қосымша сабақтарсыз университеттің бағдарламасымен-ақ үйрендім десем болады. Дегенмен мен біздің оқу орнында қазақ тілін үйренуге аз сағат бөлінеді деп есептеймін. Қазақстанның білім министрлігі бойынша студент­терге қазақ тілін үйретуге алты кредит бекітілген болса, ҚазҰУ-да оның жартысы ғана беріледі. Мәселен, егер қазақ тілі пәніне алты кредит берілсе мен бір жылдың ішінде мүлде жақсы сөйлей алатын дәрежеге жетер едім. Әзір мен төрт тіл білемін: қытай, ағылшын, орыс және қазақ тілі. Осылардың арасынан қытай тілі ауыр деп ойлаймын. Алғашқы кезде маған қазақ тілі де үйренуге ауыр тіл болып көрінді. Алайда кейін түсінгенім, қазақ тілін үйренуші адам ең алдымен бұл тілдегі сөйлемдер құрылысы қалай болатынын ұғынып алуы керек екен. Яғни тілдің жалпы сипатын білуі тиіс. Осыдан кейінгі маңыздысы диалог деп есептеймін. Қазақ тілінде неғұрлым көп қарым-қатынасқа түсу қажет. Әрине, ұмтылыс жасаған адамның бірте-бірте сөздік қоры арта бастайды. Меніңше, Қазақстанда жүрген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену өте жеңіл болады, себебі өздері күнделікті естіп, тыңдап жүрген – тіл.

Василий КРУЧЕВ, Л. Н. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситеті:
– Меніңше, мемлекеттік тілді меңгеру үшін қа­зақ тілінде таза сөй­лей алатын бір жақсы досың болу керек. Бұл – бір жа­ғы­нан қалжың бо­л­ғанымен, екін­ші жа­ғынан рас сөз. Мәселен, менің қазақ тілін үйре­нуіме достарым себеп болды. Мектеп кезіндегі достарымның біразы қазақтар еді. Алғашқы кезде өзім білетін бір-екі қазақша сөзді қалжың ретінде қолданып жүрдім. Солай қалжыңдаса жүріп, біраз сөз біліп қалдым. Кейіннен сол білгендерімді мектептегі қазақ тілі пәнінде сауатты түрде жүйелеп алдым. 11 сыныпты тамамдаған кезде-ақ менің қазақ­шам тәуір деңгейде болды. Қазір де оны жетілдіріп жүрмін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста